Кішкентай қызын 4 жыл бұрын күтушіге тастап кеткен әйел баласын іздеп келді


Көптен күткен кездесу! Ақтөбеде туған қызын бейтаныс күтушіге тастап кеткен келіншек ақыры 4 жылдан соң бауыр еті баласын іздеп келді. Ана мен баланың кездесуі қалай өтті? Қамқоршылық орган тағдыры таласқа түскен қызды кімге бермекші? Ал бүлдіршіннің жүрегі нені қалайды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Биылғы наурыз Әсемгүл үшін ерекше болды. Ол ес білгелі тұңғыш рет туған анасын көрді. Кішкентай қыз содан бері өзіне қымбат жанмен әрбір кездесуді асыға күтеді екен. Қызы мен анасының жүздескен сәтін көргенде балалар орталығындар да көздеріне жас алыпты. 

АНАРГҮЛ БАСЫҒАРИНА, ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН ОРТАЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ: 

«Бұрынғы крестная мама дейді ғой, баққан мамасына барасың ба десем, оны да жақсы көрем, бірақ, өзімнің туған анама барам дейді. Інімді таныдым, інімді жақсы көріп қалдым, маған ұқсайды екен деп айтып жатыр. Қыз бала мықты қуанып жүр. Өзі жаңағы інім бар екен, мен анамды сағындым, анама барам, күн санап, сағат санап күтуде». 

Анаргүл Басығарина анасымен жүздескенге дейін Әсемгүл тек Марианнаны аузынан тастамайтын болса, қазір екеуін де жақсы көретінін, алайда, өзінің туған анасымен қалғысы келетінін айтады дейді. Осы уақыт ішінде баланы тәрбиелеп, бағып-қаққан Марианна Фотеску қызға бауыр басып қалғанын жасырмады. Ол туған анасынан бүлдіршінді өзіне қалдыруын сұрапты. 

МАРИАННА ФОТЕСКУ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Только просится домой, теперь еще дальше будет волокита,не знаю, не получается забирать домой. По закону, так по закону. Хотя бы отсюда забрать и там решим. С кем Асема решит так и будет. Так она сказала, что ребенок привыкла к нам, ну если придется отдавать, придется».

Бес жастағы Әсемгүл қазір балаларды қолдау орталығында. Астанадан келген анасы қызын алып кетуге талпынып жүр екен. Жағдайын білуге күнде барып тұрады, ойнатады екен. Осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткенім жоқ, түбінде қызымды алып кетем деп Марианна Фотескуға ескерткемін дейді. 

ӘСЕЛ ПІРМАНОВА, ӘСЕМГҮЛДІҢ ТУҒАН АНАСЫ: « Алып кетем баланы, не болғанда да алып кетем. Бұл жағдай болсын, болмасын, жазда алып кетем деп былтыр ғана телефоннан сөйлескенбіз. Бұл енді жоғалтып алдым дейтіндей, енді әлі түсініксіз болып жатыр. Не үшін прессаға барып жоғалтып алдым, не могу найти деп не үшін айтқанын білмедім. Алып кете алмадым, отбасылық жағдайыма байланысты, өзімнің 4-ші бөпемді босандым, анау-мынау, пока этот, өмірдің күйбең тірлігінен алып кете алмадым. Бірақ, мен сөйлесіп тұрдым. Айттым, школға барғанша подготовительныйға барғанша мен барып алып кетемін дедім».

Тағдыры таласқа түскен титтей қыздың мәселесін әрі қарай қамқоршылық бөліміндегілер шешеді. Арнайы комиссияның отырысы болып, сол жерде Әсемгүлдің тәрбиесімен кім айналысатыны белгілі болады. Отырыс бейсенбіге жоспарланып отыр. 



Ұқсас тақырыптар