Шыншыл болу – нағыз мұсылманшылдық!

4.jpg

Дінімізде «ифрат-тәфрит» деген өткір мәселе бар. «Ифрат» – асыра бағалау, «тәфрит» кеміту дегенді білдіреді. Пенде болған соң кейде адамдық қарым-қатынаста шегінен асыра сөйлеу, кемітіп бағу орын алатыны белгілі. Алайда, шариғат «ифрат-тәфриттың» заңдылыққа айналуын құптамайды. Себебі, көпірме сөздер мен жерге ұрып айту түптің түбінде адами қатынасқа сызат түсіреді. Бәлкім, асыра мақтау, кемітіп сөйлеу – біреуге жағар-жақпас, бірақ бұл ақиқат үшін қиянат саналады. Тіпті, уақытты сұраған жанға, бір минутты асырып немесе кемітіп айтудың өзі ақиқат үшін үлкен қиянат. Алла-тағала Құран-кәрімде: «(Мұхаммед Ғ.С.) бұйырылғанындай тура бол! Сенімен бірге тәубе еткен кісілер де. Және артық кетпеңдер! Өйткені Алла, не істегендеріңді толық көруші» (Худ, 112) деп бұйырады. Яғни, шыншыл болу – адамдық борышымыз. Алла бізді осыған шақырады. Әйтсе де, қазіргі таңда адамдардың бір-біріне өкпе-реніші көбіне-көп осы ысқаяқтыққа (ифрат-тәфритке) салынып сөйлегеннен туындап жатады. Қала берді, бұлайша шыншылдықты жоғалтып алуымыз – әрбір нешіктің ақиқатын тани алмауымызға әкеліп соқтырады. «Барды бар» һәм «жоқты жоқ» деп бағалай алмаған – ақиқат сәулесін көруден мақұрым қалады. Мысалы, турашылдық қасиетінен айырылып қалған талай бейбақ жандар жат діни ағымға еріп, ақ пен қараны ажырат алмай, қайғы-қасіретке ұшырады. Тіпті, шектен тыс сезімге (ифрат-тәфрит) берілу – оларды Сирия мен Ирактағы қанды қасапқа да ұрындырды.

 

Мұхан Исахан.

Дінтанушы. PHD докторы.

ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.

ШҚО дін мәселелерін зерттеу 

орталығының тапсырысы бойынша


Ұқсас тақырыптар