Балама діни жолды нұсқау – діни қажеттілікті өтейді

6.jpg

Адам баласының болмысында діни сенім-нанымға деген қажеттілік орныққан. Алла берген түйсік болған соң, оны басқа ештеңемен өтей алмайсың. Неше жерден адамның көңіл-күйін басқа жаққа бұрсаң да, діни наным – жаратылыстан берілген түйсік болғандықтан, адам бәрібір дінге сенбей тұра алмайды. Кеңес үкіметі атеизм идеологиясына қанша жерден басымдық берсе де, халықтың діни сенімін жойып жібере алмады. Бұл мысалды негізге алып отырған себебіміз, салафилерге оңалту жұмысын жүргізгенімізде, діни ұстанымдарының қатесін көрсетіп, мойындатқаннан кейін біз оларға ислам дінін ұстанудың баламалы жолы ретінде Ханафи мәзһабын нұсқауымыз керек. Өйткені, Ханафи мәзһабы ата-бабамыз мың жылдан бері ұстанған халқымыздың дәстүрлі діни жолы һәм бұл мектеп ұлтымыздың рухани құндылықтарымен толығымен сабақтасады. Және Ханафи мәзһабының қағидалары мен үкімдері зайырлы Қазақстан мемлекетінің тұтастығы мен бірлігіне еш қауіп төндірмейді. Яғни, діни оңалту жұмысы барысында теологтың қолынан эстафетаны іліп алып кететін Ханафи мәзһабының өкілдері (имамдар) дайын тұруы керек. Әйтпесе, еңбегіміз еш кетеді. 


Мұхан Исахан. 

Дінтанушы. PHD докторы.

ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі. 

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының тапсырысы бойынша.



Ұқсас тақырыптар