Атырау облысында қылмыстық топ ұсталды

2.jpg

Атырау облысында адам бопсалау және қарызды өндірумен айналысатын қылмыстық топты құрықтады.

Арнайы операция барысында 2020 жылдың 3 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері спорттық ортаның және деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын бір топ адамның заңсыз әрекеттерінің алдын алды. Қылмыстық топтың қатысушылары аймақтағы кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен, күштеп қарыз өндірумен айналысады, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреулері "ұрылар" идеологиясын ұстанады және трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың серіктестерімен байланыс орнатқан.

Сотталушылардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде үш дана түрлі қару мен оқ-дәрілер табылды. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылып жатыр. Екі адамнан куәгер ретінде жауап алынды. Тергеу шаралары жалғасуда, - деді ҰҚК-дегілер.

3.jpg


Ұқсас тақырыптар