Отандық бизнесті тұншықтыру жалғасуда

5.jpg

Мемлекеттік салық жүктемесінің жоғарылауы туралы мәлімдеме


Күні  кеше   әлеуметтік желілерде көпшілікті дүрліктірген  сенсациялық жаңалық тараған болатын. Біздің ақпаратымызға сәйкес, Үкімет корпоративті табыс салығын 20% -дан 24% -ға және қосымша құн салығын  12% -дан 16%-ға дейін ұлғайтуды және кәсіпкерлер үшін салықтық жүктемені көтеру үшін бірқатар басқа да шараларды қабылдауды қарастыруда.

Бұл қадамның себебі айқын. Дағдарыстың салдарынан бюджет көп кірістерден қағылғаны рас. Енді шешім ретінде  шығындарды кәсіпкерлердің есебінен өтеуге кірісіп кетті.  Алайда, бұл шара іс жүзінде бір реттік. КТС мөлшерлемесінің өсуінен  бюджетке 530 млрд. теңге, ал ҚҚС өсуінен  1 трлн теңгеден  асатын  түсім түседі деген болжас бар. 

Осыған орай, бұрындары да отандық кәсіпкерлерге қолдау білдіріп жүрген «El Tiregi» Өнеркәсіп және кәсіпкерлер Одағы Үкіметке өздерінің бұл шешіммен келіспейтіндіктерін жеткізді.

 -«Шындығында, бұл шешім қабылданса, ШОБ түбегейлі құрдымға кетеді. Банкорттық лек басталып, кейбір бизнес түрлері астыртын жұмыс жасайтын болады.  Көлеңкелі экономика, тіпті ресми мәліметтерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті) 27% -ға жетті.  Ал, сіздер осы сандардың  50% дейін  көтеріліп кетпеуіне кепілдік бере аласыздар ма?

Туындаған мәселені кәсіпкерлерді қысымға алмай-ақ шешуге болады. Айталық, мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту. Мемлекеттік шығыстардың күмәнді баптарына, мысалы, жолдардың асфальт төсеніштерін  жыл сайын қайталап ауыстыруға, жол жиегіндегі бордюрларды негізсіз жаңарта беру, министрліктер мен ведомстволардың және квазимемлекеттік сектордың қажетсіз “шексіз” үлкен  аппараттарын қысқартуға, автомобиль зауыттарын, монорельс және т.б. салу сияқты қажетсіз мегажобаларды қысқартып немесе мүлдем  алып тастап  мемлекет шығындарын қайта қарау қажет. . Мемлекеттік шығындарды азайта отырып, біз бір триллион емес, жылына кем дегенде бірнеше триллион қаражат жинақтаймыз»,- делінген мәлімдемеде.

Расында, бизнес қиын жағдайда. Дағдарыс, девальвация, карантин бизнеске ауыр тиді. Көп ұзамай банкроттық  лек  сөзсіз басталады, кәсіпорындар жабылып, адамдар жұмысынан айрыла бастайды. Бұл жағдайда бизнес салықты көтеруді емес, қолдауды қажет етеді !!!

 «El Tiregi» Өнеркәсіп және кәсіпкерлер Одағы:

Біріншіден, бизнеске ауыртпалық  арттыру  қолайсыз және миға қонымсыз әрі соңында ел  экономикағасына  үлкен зиян келтіретін шара.

Екіншіден, бұл іс жүзінде мағынасыз шара. Жағдайды түземей, керісінше мемлекеттік бюджет тапшылығын одан әрі  ушықтырады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын азайтудың салық төлеушілер есебінен ғана емес, альтернативті  нұсқаларын ұйымдастыру қажет. Оның құрамында мемлекеттік аппарат бар және салық төлеуші қаражатын тиімді пайдалануды талап етуге құқылы.



Ұқсас тақырыптар