Пайғамбартануға кіріспе

8.jpg

 

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Пайғамбарымыз(с.ғ.у)мен асхабына салауатпен сәлем болсын!

Ақыл белгілі бір жерге барған соң тоқтайды... Құдды тау шыңдарына шыға алмай етекте қалған темір тұлпар іспеті, енді жүрек көзі жол бастайды, сол кезде адам адамдық міндетін сезінеді. Абайша айтқанда «пайда ойламай, ар ойлап» өзін есепсіз арнайды... Сап иман,  шын ғылым, ар, ұят, әдеп, отан, туған жер, ана т.б. содан кейін ғана басталады.

Шөл жазиралы араб даласы, құрғақ ыстық. Араб жарты аралының шығысында Барса, оңтүстігінде Амман, одан ары Үнді мұхиты. Терістігі ақ теңіз. Ақ теңіз жағасында Палестин жері Газаадан басталып, Ирақтағы Фырат өзеніне тіреледі. Батысы қызыл теңіз, оған параллель Ухуд, Әбу Қубайыс, Нұр тау сілемдері Иеменге дейін созылып жатыр. Тайф, Мекке, Мәдина, Жаңа Хижаз өлкесі осы аймақта. Жида мен Жанбу да теңіз жағалауындағы қала. Қызыл теңізге 40 тан 100 шақырымға дейін. Теңіз деңгейінен биіктігі 2000 шақырым.

Тау арасында жанбағысқа қолайлы сулы егіс алқаптар да бар.

Алла Тағала осы даланың топырағынан ең алғашқы адам Адам Ата(а.с)ды жаратып, екі түрлі рух үрледі. Бірі рух-хайуани, Алла Тағаланың (Жәлал) сипатынан.  Оның кеңесшісі шайтан. Екіншісі рух-адами. Ол Алланың көркем( Жамал) сипатынан. Оның кеңесшісі періште. Рух-хайуанидың қалайтыны ішіп-жеу,шектен шыға сәндену, қызыққа белшеден бату... қашанда жамандыққа шақырып, сан түрлі айламен соны жасауға күш береді, міне бұл нәфіс. Ал рух адамидың қалауы өзін танып, Жараушысын зікір ету, құлшылық жасау, Алланың әміріне бағыну. Адам тәні қашанда күрес майданы....сол үшін Алла Тағала белгілі мекенге, белгілі қауымға Пайғамбарлар жіберіп, тура жол көрсетіп, түрлі ілімдер үйретті.... Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) Арабтың немесе басқа бір қаумға тиеселі емес, барлық адамзат пен жындарға жіберлген соңғы Пайғамбар Мұхаммед(с.а.у)ды адамның алғашқы жұрты қасиетті Меккеде туылды.

Ғылым екі түрлі бірі әрбір адам баласына парыз болған Илаһи(адам болу, мәңгілік ілімі) өзінтану, сол арқылы Жартушысын білу ілімі. Екіншісі бір адамның үйренуімен басқалардың мойнынан қарызы түсетін бір мамандықты меңгеру. Сол қажет үшін бұл дүниеде адамдар бір-біріне байланаған.

Әлемнің рахым нұры дүние есігін ашқанда.... мәжусилердің мың жыл сөнбеген оттары өшті, Ирандағы Кисра сарайларының тіректер өздігінен құлады. Қағбадағы барлық пұттар кенеттен сынды. Сауа көлінің суы тартылды. Сәмуа сайы су астында қалды.

Пайғамбарымыздың сүт анасы Халима анамыз сәби Мұхаммедті (с.а.у) құшағына алғанда бір хикметті сезді. Оның болдырған есегі жүрдек болып, жеңіл басты, бұрын кеткен құрбыларын басып озып, үйіне елден бұрын жетті. Басқалар таңдана сөз етті. Содан бастап, ол үйге, тіпті сол ауылға құт береке кірді. Қуаңшылықта бүкіл ауыл Халима апайдың мал жайған жеріне мал жайып, апатан аман қалды. Бала кезіндегі садр(көкірек) тазалу уқиғасына ауыл балалары куа болды. Қай кезде де төбесінде бір шоқ бұлт сая болып, өмір бойы бірге еріп жүрді.

Алла Тағаланың әмірімен адамзаттың асылы, адамдар санасын жаңғыртты...

Пайғамбарымыз(с.а.у) туған жеріндегі өрмекшінің торындай жауларына қарамастан, өз қауымы, өз мекені емес бүкіл әлемді қараңғылықтан жарыққа, надандықтан ілімге бастады.

Пайғамбарымыз(с.а.у)сол тұстағы Византия, Иран, Мысыр, Алксандрия, Месопотамия қатарлы алпаут империя патшаларына хат жазады.

Хижреттің жетінші жылы мұхарам айында Пайғамбарымыз(с.а.у) хз. Амр ибн Умаййаны елші етіп, Хабаш әміршісіне хат жіберді.

Алланың атымен басталған хатты оқыған бойдан Алланың қалауымен христан Нәжаши мұсылман болды.

Византия(Рум) императоры Гераклийге хз. Дихиятул Кәлбиді елші етіп,

хат жіберіп, мұсылмандыққа шақырды.

Бір Алланың атымен бастаймын!

Алланың расулы Мұхаммедтен Рум билеушісі Гераклиге!

Уа, Рум басқарушысы мен сізді Мұсылман болуға шақырамын! Мұсылмандықты қабылдасаңыз сау-сәлемет тіршілік кешіп, Алланың теңдесіз сиына ие боласыз. Егер шақырумды қабылдамасаңыз, жамандықта қалған бүкіл халқыңыздың обалы сізде болады.

Газада жүрген Әбу Суфиян(ол кезде мұсылман болмаған кезі еді)ды шақырып,Пайғамбарымыз туралы сұрап білді. Шынмен Хақ Пағамбар екендігіне Рум билеушісі шын сенді. Алайда поптардың қарсылығынан қорқып, өзі іштей иман келтіріп, оны жасырып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у)ға қымбат сыйлықтар жіберді. Пайғамбарымыз:«Византия менің хатымды қанша уақыт сақтаса, сонша мезгіл дәурендеп тұрады»,- деді.

Мысыр билеушісі Муқауқасы Пайғамбарымыздың елшісін өте жақсы қабылдап, екі қыз бен, бір ақтүсті дүлдүлды Пайғамбарымыз(с.а.у)ға сиға жіберді.

Пайғамбарымыз: «ол байлығынан айрылып қаламын деп, мұсылман болған жоқ. Бірақ ол байлығы оның қолында қалмайды»,- деді. Артынша солай болды.

Хижреттің жетінші жылы мұхарам айында ха. Абдулла

ибн Хузафаны елші етіп, Иран Кисра Хусрау Пәруизиді мұсылмандыққа шақырып хат жіберді.

Аса мейірімді әрі қамқор Алланың атымен!

Алланың Пайғамбары Мұхаммедтен Парсы билеушісі Кисраға!

Сәлем-тура жолды талап еткен және оған ерген, Алла мен Пайғамбарына иман келтірген, Алладан басқа Құдай жоқтығына, Ол жалғыз және серігі жоқтығына, Мұхаммед(с.а.у) Алланың құлы және Пайғамбары екендігіне куәлік еткендерге болсын! Мен сені Алланың дініне шақырамын! Мен, тірілерге хабар беріп, мойындамайтындарға Алланың азабы шын екендігін ескертетін, Алла тарапынан жіберілген Пайғамбармын. Мұсылман бол! Амандықта боласың. Егер менің сөзіме құлақ аспасаң барлық мәжусилердің күнасы мойныңда болады.

Кисра оқыған бойда асау нафісі ашудан дірілдеп, хатты жыртып тастады.

«Менен бұрын елші өлтіргенде, сені өлтірер едім»,- деп айбат шекті.  

Кисра Ймен әкімі Базанға шұғыл хат жазып, «Хижазда Пайғамбармын деп жүрген адамды ұстап әкел» деп әмір етті. Базан Кисраның бұйрығымен, хат жазып екі адамын Пайғамбарымыз(с.а.у)ға жібереді. Пайғамбарымыз(с.а.у) елшілерді жылы қабылдап, оларға мұғжизалы хабар беріп: «Кисраны ұлы Ширауайһ өлтірді. Ислам енді оның өлкесіне үстемдік құрады. Базан мұсылман болып, әкімдік орнында отырады»деді. Оларға сыйлықтар беріп, шығарып салды. Елшілер Именге қайтып келген соң бірнеше күн өткенде Пайғамбарымыз(с.а.у)ның айтқан хабарын өз құлақтарымен естіп, мұсылман болды. Осыдан кейін Базан мұсылман болды. Исламның алғашқы әкімі деген құрметке ие болды. Басымыздың тәжі, көзіміздің нұры, екі дүние сұлтаны сүйікті Пайғамбарымыз(с.а.у)ның әр өзі, әр ісі Ұлы Жаратушының әмірімен, ешқандай кездейсоқтық жоқ. Ақыл жетпейтін, жүркпен сезетін, көкрек көзімен көретін, мұғжизаға толы ғибаратты өмір....

Қасиетті Мекке. Ежелден араб жарты аралындағы маңызды үлкен қала.

Қаланың оңтүстік шығысында Нұр тауы, ондағы Хира үңгірі көп сырды ішінебүгіп, қалаға көз салады.

Адамдар күнаның сан түрін ойлап тауып, жез өкшелік пен зинаны ашық жасағаны сондай, ұл-қыздар өз әкесінің кім екенін білмей тексіздік жайлаған. Арзан сөзді ақындардың көбейіп, өлеңдерін Қағыба қабырғасына іліп қоятын, олар ең беделді адам болды. Пұтқа табынғандар ұннан жасаған пұттарын қарны тоқ кезде құдай санап, қарны ашса жей салатын. Қыз туылса тірідей көметін. Әйелдің орны құлдан да төмен болды.

Арсыздыққа төзбеген Мұхаммед Мұстафа(с.а.у) Нұр тауының ең биік төбесіне күнде жаяу шығып, елден оңашаланып, бұл сұмдықтарға назалы күй кешіп, Хира үңгірінде адамзаттың қамын ойлап, ой үстінде отыратын. Тау шоқысының батыс қапталына сәл еңістеп, кішкене оңға қарай бағытталғанда жапсарланған жар тастардың арасынан өтуге тура келеді, жай көзбен қарап, ақылмен топшыласаң өте алмайсың, өте тар. Аллаға тәуекел етіп, Алла хабибісіне салауат айта тасқа жақындасаң тастың арасы ашылып, кеңіп сала береді, содан өткен соң Хира үңгірі құшағын ашады, тура Кағыбаға бағытталған үңгірдің биктігі екі, ұзындығы үш, ені бір жарым метір, іші сондай тыныш, әдемі майда самал бетіңді өбеді. Тік тұрып намаз оқуға өте ыңғайлы.

Арғы тегі хз. Ибраһим(ғ.с) мен хз. Исмайл(ғ.с)нан тарайтын. Өз аталары таза текті Ханиф. Олар бұзылған Еврейлік пен Христандықты қабылдамай  хз.Ибраһимнің(ғ.с) дінінде болған. Бұл дінді қайта жаңғыртатын бір пайғамбардың келуін күтетін. Өз әкесі Абдуллақ (Алланың құлы мағынасында), анасы Әмина(Алланың сенімдісі мағынасында).  Пайғамбарымыз 39 жасынан бастап, Хира үңгірінде ғибадатпен шұғылданды. 6 ай бойы Илаһи түстер көрді. Үйге қайтқан жолында тастар мен ағаштар оған «сен Алланың расулысың»,- деп тіл қатты. Милади 610 жылы 40 жасында Рамазан айының он жетінші күні дүйсенбіде Жебрейіл (ғ.с) Хира үңгіріне келіп, «Ей, Мұхаммед(с.а.у)! Мен Жебрейіл періштемін. Сен Алланың Пайғамбарысың», «оқы!»- деді. «Барлығын жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адамды ұйған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Раббың қаламмен жазуды үйретті. Адамдарға білмегендерін білдіретін асқан жомарт!»(Аләқ сүресі1-5)

Меке мүшрктерінің жамандық жасамақ болған хабарын Жебрейіл(а.с)

Пайғамарымыз(с.а.у)ға жеткізді. Алланың әмірімен 622 жылы Пайғамбарымыз жанында аса сенімді досы хз. Әбу Бакір(р.а) бар сафар айының бейсенбісінде ымырт жабыла жолға шықты. Пайғамбарымызға жамандық жасау ниетімен үйін қоршаған мүшіріктердің көзіне Пайғамбарымыз «Ясин» сүресін оқып, бір уыс топырақ шашып өте берді. Алланың қүдіретімен олар ештеңе көрмеді. Екі жаяу бірден Сәуір тауына қарай бет алды. Баурайына бұлт шөккен Сәуір тауы Мешт харамнан 4 шақырым оңтүстікте. Бұжыр-бұжыр керіш тау көлбей созылып жатты. Үйге кірген дұшпандар Пайғамбарымызды таба алмай ізге түсті. «Оларды ұстағандарға 100 түй сыйлық береміз»,- деп жар салды. Дүниеге құныққан мүшіріктерден небір әккі қуғыншылар Пайғамбарымызбен досының ізіне түсті.

Алланың Расулы мен досы түні бойы тау жолында жылдам жүріп, Сәуір үңгіріне таң рауандап жетті. Хз. Әбу Бакір(р.а) алыдмен үңгірдің ішіне кіріп, тазалық жасап, тесіктерді шапанын жыртып тығындады. Бір тескке тығындайтын ештеңе таппағанда аяғымен жауып, Пайғамбарымызды ішке кіргізді. Ұзақ жол, биік тауға шығудан шаршаған Алла расулы досының бір тізесіне басын қойып, кішкене мызғағаны сол хз. Әбу Бакір(р.а)дың аяғы удай ашып кетті. Алла Расулын оятпау үшін бар күшін салып, тістене шыдады. Денесі шымырлап жансыздана бастады. Шекесі жіпсіп, бір тамшы жас Пайғамбар(с.а.у)ның бетіне мөлт ете түсті.

 -Не болды деп басын көтерді Пайғамбар.

-Жылан шақты- ау, деймін аяғым удай ашып барады. Пайғамбарымыз дереу мүбарак түкірігін, «шипа Бір Өзіңнен Иа Алла» деп, досының аяғына жақты, сол сәтте ауыруғаны бірден сап тиылды. Тесіктен жылан басын қақайтты.

-Неге шақтың досымды деп сұрады Пайғамбар.

-Сіздің мүбарак жүзіңізді көру үшін осында ұзақ тостым.

-Менің бұнда келетінімді қайдан білдің.

-Анау есіктің көзінде жатқан көгершінмен өрмекшіден білдім...

Алланың әмірімен бір өрмекші ілезде үңгір аузына торын құрды. Көгершін тезден ұя салып, жұмыртқа басты. Жасыл шөптер үңгірдің аузына өсті.

Ізге түскендердің дауыстары анық естіле бастады, әне-міне дегенше үңгірдің аузына жетті. Хз.Әбу Бәкір өзі үшін емес, Пайғамбарымыз (с.а.у) үшін қатты қобалжыды. Пайғамбарымыз (с.а.у) لا تَحْزَن «уайымдама» деді. Бірақ Хз.Әбу Бәкір өзін ұстай алмай қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у):  إِنَّ اللَّهَ مَعَنا «өйткені Алла тағала әлбетте бізбен бірге» деп уайымнан арылудың жолын үйретті.

Пайғамбарымыз(с.а.у) досының тізесін өзінің мүбарак тізесіне тигізіп, жүрелеп отырғызып, ( сол сәтте періштелер қанатымен екеуді жауып, қалқа жасады) «Алланың бізбен бірге болғанын ойла, мұрақаба жаса, Алланы ойлап, мұрақаба жасағанға уайым кетеді. Бұл мәселе түбегейлі шешіледі» деді. Хз. Әбу Бакір(р.а) ның өн-бойында төк жүре бастады, жаны жай тауып, сырттағы қаупті ұмытып, өзін қоршаған әлемнен шығып кетті, тұла бойы тыныштықа шомды... Нұр құйыла бастады, бір қол оның көкірегенін тазалап, сүртіп жатқандай күй кешті. Бүкіл денесі тазарды, рухы рахаттанды....

Өзін жоғалтқызған нәфсі ерекше күшті нұрдан түгі қалмай жанды... Көкірек көзі ашылып, жүрегі аттай тулап, «Алла» деп дүрсілдеп соға бастады.... Бұл күй уақттың ішіндегі уақытта біразға жалғасты.... Жау кеткен соң Хз.Әбу Бәкір мұрақабаның сырын сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у) «бұның сыры, Алланы зікір етуді үнемі жалғастыру керек» деп жасырын зікірді түсіндірді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.у) бұл зікірді сахабаларынан тек қана Хз.Әбу Бәкір (р.а)-ға ғана түсіндіріп, өзіндегі барша рухани болмысты Хз.Әбу Бәкір (р.а)-ның садырына(көкірегіне) төккен еді. Өйткені Хз.Әбу Бәкір нүбуует (нәбилік) дарежесіне ең жақын болған «сыддқйиет» мартебесінде болды. Хз.Әбу Бәкір (р.а) зікір қалбиде, жемғйиет-і куллйиені қамтумен заты алйиені мушаһада етуден, демін еркін ұстай алатынды. Аллаға деген ыстық махаббатан бауырының жанған иісі шығатын.Үш күннен кейін жолға шығып, Құбба ауылында қуып жеткен хз. Әли(р.а) хз. Әбу Бакір(р.а)дың жүзіндегі нұрды көріп, таңғалысын жасыра алмай, болған жайды сұрайды. «Алла» деп соққан жүректер тоқтаса жер бетінде сол күні қиямет болады. Хз. Омар (р.а) өмір бойы жасаған амалдарымды хз. Әбу Бакірдің сол бір күндік амалына ауыстыратын едім деген.

Қуғыншылар үңгірге ентелей жақындап, аузындағы шөпті, ұяны, торды көріп,«бұнда адам бас сұқпағылы қай заман» деп, келген ізімен кері қайтып. Мәдинаға баратын барлық жолдарды жапты.

Хз. Әбу Бакір(р.а) шөлдеді. Пайғамбарымыз(с.а.у)досына «үңгірдің сыртқа шықсаң су ағып жатыр, содан қанғанша іш» деді. Тау басында қайдағы су деместен, бірден орнынан тұрған досы тысқа шықты... Ғажаиып...Тау басында ауда қалықтап ағып тұрған тұп-тұнық суды көрді, балдай тәтті, жұмсақ суді қанып ішті.

Ішке кірген соң хз. Әбу Бакір(р.а) таңғалысын жасыра алмай болған жайды айтты. «Иа, сен бірден сеніп, сыртқа шықаның үшін Алланың қалауымен жанаттағы кәусар суы көз алдыңда ақты. Егер сен сенбегенде Алла Тағала суды менің саусақтарымның арасынан ағызып, сенің шөліңді басар еді». Олар осылай хикмет сырлар түнған үш күн, үш түнді үңгірде өткізіп, Мәдина қаласына ғажайып сапар шекті... Жолда Хуза руынан Үммі Мабад Атиканың шатырына келді. Қонағына берер ештеңесі болмаған үй иесі, тек өріске жете алмай пұрақ болған қойды көрсетті. Пайғамбарымыз «Бисмила» деп Алланың атымен желінінсипағанда Алланың қалауымен желін толып, сүт ақты...

Қуғыншылардың мықтысы Мүдиж руынан Сурака қуып жетіп, енді озбырлығын білдіре бастағанда аты құмға батты. Пайғамбарға жалынып, аныт беріп, басқа қуғыншыларды бағытынан адастырды... Пайғамбарымыз оған: «Я, Суракка Кисранның білезіктерін таққан күні қандай болар екенсің» деп, келешекте оның мұсылман болып, Иранды жаулауға қатысатынынан хабар берді. Бұл жай хз. Омар(р.а) халифа кезінде шындық болды.

Қуғыншылардың тағы бір тобы Саһм руынан Бурайда 70 адамымен Алла расулының жолын кес-кестеді. Пайғамбарымыздың екі ауыз қасиетті сөзінен кейін ол Алланың қалауымен мұсылман болып, өзі ақ сәлдені жалаулатып Мәдинаға бастап кіреді.

Ухуд соғысының бізге беретін сабағы; адамдардың басшылыққа бағынуын, дүниеге қызықпауын, оның соңы немен аяқталатынын ескертті.

Әу баста Алла расулы өзінің көрген түсін айтып, қала ішінен қорғаныс алуды айтады, алайда көпшілік қала сыртынан бекініс алып, соғысу шешімі қабылдайды. Соғыс барысында садақшылар бұйрық келмей, дүниеге көз салып орындарынан кетеді. Соңы үлкен жеңіліс болады.

Пайғамбарымыз (с.а.у)ның осы соғыста тісі сынып, мүбарак жүзіге сауыт

кіріп қан шығады, сол сәтте «Хабибімнің бір тамшы қаны жерге тамбасын»

деген тапсырмамен Жебірейіл(а.с) өте тез келеді. Егер Алла расулының бір тамшы қаны жерге тамса сол сәтте, Алла Тағала жер бетін жоқ қылар еді.

Пайғамбарымыз сонда да жауларына жаман дұға еткен жоқ. «Бұлар өздерінің не істеп жүргендерін білмейді, оларға иман нәсіп ет»- деп дұға жасады.

Хандак соғысында намаз оқуға мүкіндік бермеген жауларына қарғыс дұғасын жасады Пайғамбыр. Расулдың дұғасы бірден қабыл болып, дүлей дауыл тұрып, жауларының тоз-тозы шығып, зым-зия жоқ болды. Бұдан намаздың қаншалықты маңызы екенін байқаймыз. Алла Хабибісі(с.а.у) жазуға тіл жетпейтін, бейнелуге қалам қуаты келмейді. Алла расулын біздердің түсінуіміз үшін алдымызда ұзақ-ұзақ жол жатыр... Ол үшін жүрек(хәл) ілімін меңгеруіміз керек... бұл көп еңбекті қажет етеді... Сахар уақытында ұйқыны мүлде ұмытқан, таһажүтті өзіне парыз еткен, жүректері тек «Алла» деп таулармен бірге соққан, тәбиғатпен үндескендердің қолынан келеді. Біздер көбінде Пайғамбарымыздың мұғжизасы деп «Құранды», «Миғраж уақиғасы», «айды екіге бөлуін» ғана айтамыз. Шын мәнінде Пайғамбарымыз (с.а.у) бүтіндей өмірі тұнған мұжиза. Адамға қараған сияқты көзбен қарасақ үлкен қателіктерге бой алдырамыз, Алла сақтасын. Шамамыз келсе Пайғамбарымыздың Нұрына қарауға, өнегелі өмір жолының аржағында жатқан Хикмет сырларға үңілуге тырысуымыз керек. Сезіне алсақ оның әр ісінің артында біздер үшін үлкен ғибарат бар.

Пайғамбарымыз(с.а.у)ның көп әйел алуы өз алдына бір хикмет. Бірде Пайғамбарымыз әйелдерінің дүниеге қызыға бастағанынан олардан бөлектенеді. Сол кезде Жебірейіл(а.с) Пайғамбарымызға Хапса анамыздың сәждеде жатып, үнемі таһажұт намазында «үметтің күнасы кешірілмейінше басымды алмаймын»деп көз жасын көлдетіп жататынын, оған талақ бермеуін айтады.

Уммісалла анамыз(р.а) Құдайбия келісімінен кейінгі иқрамнан шығу ісінде Пайғамбарымызға ісіңізбен сахабаларға көрсетіңіз деп кеңес береді. Демек, Алла расулының барлық ісі біз білмейтін сыр... Пайғамбарымыз(с.а.у)ның өмірінің арғы жағында жатқан тылсым сырларға үңілсек шіркін... Біздер Пайғамбарды тану арқылы Аллаға жақындаймыз.  

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Адамзаттың асыл тәжі. Мұхаммед (с.а.у) пайғамбар өмірі. Мекке-Мәдина кезеңдері.\Д.Ө. Ибрагим.-Алматы:Ұлы Мұра,2016.600 бет.

2.     Сияр Шәріп. (Пайғамбар жолы) С42 Отбасы хрестоматиясы.\ С. Керімбай, Ә.Нәби, М.Төлеген, А.Тасболат.-Алматы: «Орхон»Баспа үйі,-2015.

-336б.

3.     Ғаламның рақым нұры-Мұхаммед пайғамбар(с.а.у). Толықтырып, қайта баслған нұсқасы. Алматы: «Көкжиек баспасы», 2009.-656 бет.

 

Нұрхалық Абдырақын

 



Ұқсас тақырыптар