Жасөсіпірімдердің қылмысқа баруы арман-мұратына бару жолын дұрыс қалыптастыра алмауында

1.jpg


Қазақстанда жасы 14 ке дейінгі балалар жауапқа тартылмаса да, 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер  жасаған қылмыстары үшін заң алдында жауапты болады. Ювеналды полицияның мәліметінше жасөспірімдер қылмысының көбі пайдакүнемдік, ұсақ ұрлықтан басталады екен. Өзінің қоғамдағы орнын қалыптастырып та үлгірмеген жасөспірімдер үшін, буыны бекімей темір торға түскені әрине ауыр сынақ. Бірі осы сынақты жеңіп болашаққа үлкен үмітпен қарап, алдағы арманына көз тіксе, бірі өмірдің қаталдығынан жасып, қылмыстың түбі құрдым екендігіне қарамастан сол құрдымға одан әрі бата түседі. Жасөсіпірімдердің шынайы өмірге бейімделуі үшін ата-ананың рөлі елеулі ақ, алайда темір торда ондай мүмкіндіктер беріле бермейді. Осы ретте Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен  «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры жасөспірімдердің өмірден өз орнын табуына, психологпен заңгер тб мамандардың көмегіне зәрулігін ескере отырып, кездесу ұйымдастырды. Алайда әлемді үйге тыққан пандемия Қазақстанды да айналып өтпей,  кездесулер онлайн  өткізуге мәжбүр. Бірінші кездесу Алматы  қаласы ЛА/155/6 мекемесіндегі жасөспірмідермен, «КЕШ» құқық қорғау орталығының директоры, танымал заңгер Кәмшат Есмұханбетқызы мен психолог Сейілбек Мырзабаймен өтті.

«Мен балалармен 2013 жылдан бастап жұмыс жасап келемін. Қарап отырсам ата-ананың көбі тамағы тоқ, киімі көк болса, қосымша курстарға жіберсек болды деп ойлайды. Бірақ баланың мұратын, арманын іске асыруға дейінгі қадамдармен мүлдем жұмыс жасамайды.  Мәселен мынау неге былай деп сұрақ қойған балаға себеп салдарын түсіндіру орынына «сол» деп жауап береміз. Ата-анасынан мардымды жауап күтпейтін балалар осылай өзім білемін, деп өзімшілдігімен қоса қуыскеуделік жұқтырып алады. Қылмысқа баратындардың көбі иә тұрмысы жағдайы төмен отбасылардың балалары шығар, бірақ бір нәрсені ескеруіміз керек ауқатты отбасылардың балалары да қылмысқа жақын. Ата-анасы қылмысын жасырып жауып тастаған соң көбіне тек  тұрмыс төмен, аз қамтылған отбасылардың балалары ғана «қылмыскер» сияқты көрінеді. Жасөсіпірімдердің қылмысқа баруы жоғарыда айтқанымдай баланың арман-мұратына бару жолын дұрыс қалыптастыра алмауында, көп бала «ата-анам риза болсыншы»-, деп баға үшін үздік оқитындар да жетіп артылады, бірақ үздік оқуымен болашақ мұраты бір арнаға тоғыспаған, ата-анасынан көңілі қалған күні ақ оқуын тастай салады»-дейді Сейілбек Мырзабай. 

  Кездесу барысында жасөсіпірімдер өз көкейлерінде жүрген сұрақтарының да жауабын естіді, балаларға көбірек түрткі болған осы жылы аминистия беріледі ме деген сауал еді. Сондай сыбыс болғанымен үкімет нақты шешімі әлі шыққан емес. Сотты болған деген қара таңба өмірдің соңғы шешімі емес. «Жасөспірімдерге қатысты кездесулердің соңы емес, әлі біраз жұмыс жасаймыз жыл соңына дейін» деп отыр жоба жетекшісі Бейбіт Нәлібаев.


Аида Қожмамбетова



Ұқсас тақырыптар