Алматыда саябақтар мен гүл бақтар қалай өзгереді

WhatsApp Image 2020-10-08 at 17.15.40.jpeg


8 қазанда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қаланы абаттандыру нысандары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

 Баспасөз туры барысында қатысушылар Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы, «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан саябақтар мен гүл бақтарын аралады.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әкім абаттандырылған саябақтар мен гүлзарлар ересектердің де, балалардың да жағымды және пайдалы уақыт өткізу орнына айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл ретте қала тұрғындарының пікірлері ескерілуі тиіс.

 Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан "Достық"саябағы осындай нысандардың қатарында.

 Одан ары баспасөз турының қатысушыларына Алмалы ауданында орналасқан Гандидің батысындағы гүл бағы, Махаббат гүлзары таныстырылды. Гандидің батысындағы саябақты абаттандыру «Бюджетке қатысу» жобасы аясында аудан тұрғындарының ұсынысы бойынша жүзеге асырылды. Резеңке төсем, кеспе тастан жасалған төсем және аумақты асфальттау қамтамасыз етілді. Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, саябақта workout алаңы, тренажерлер, екі спорт аймағы, балалар алаңы орнатылған. Жарықтандыру қамтамасыз етілді, сәнсәулелі тіреулер, шамдар орнатылды. Көгалдандыру алаңы 1 080 шаршы метрді құрайды, сондай-ақ 100 ағаш отырғызылды.

 Махаббат саябағында учаскені көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, ағаштар, көпжылдық бұталар, көгалдар отырғызылды. Жарықтандыру қамтамасыз етілді, 24 шырақ, сәнсәуле үлгісіндегі 8 шырақ орнатылды.

WhatsApp Image 2020-10-08 at 17.15.41 (1).jpeg

 Сонымен қатар, қатысушылар Медеу ауданындағы 28 панфиловшы гвардияшылар атындағы саябақ аумағын абаттандыру жобасымен танысты. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың  жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Саябақ аумағын абаттандыру кезінде ауданы 17 000 шаршы метрден асатын асфальтбетон жабынын ауыстыру, 373 жарықтандыру тіректерін орнату, ауданы 3600 шаршы метрден асатын тротуар плиткаларын орнату, 59000 шаршы метрден асатын аумақты көгалдандыру көзделген. 103 жаңа орындық орнатылып, 23 ретро орындық қалпына келтіріледі, сондай-ақ ұзындығы 2100 п.м. дренаж жүйесін қайта құру бойынша жұмыстар орындалады, бүгінгі күні жұмыс көлемінің 75% - дан астамы аяқталды. Шамамен аяқталу мерзімі қазан айының соңына дейін.

 Сондай-ақ, баспасөз турына қатысушылар Түрксіб ауданында орналасқан Жас қанат шағын ауданындағы саябақ пен Маяк ауылына, рекреациялық аймақтар құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан Әуежай көлінің аймағына барды. Көгалдандыру алаңы 170 мың шаршы метрді құрайды. Қайта құру кезеңінде 70 жұмыс орны құрылды. 22 976 шаршы метр алаңға абаттандыру және көгалдандыру жүргізілді. Автокөліктерге арналған 30 орындық тұрақ аймақтары және велосипедтерге арналған тұрақ бар. Аумақта спорттық нысандар, workout алаңдары, минифутбол және стритбол алаңдары, паркур алаңдары, балалар алаңдары салынды. Сондай - ақ, 125 орындық, 130 қоқыс салғыш, орындықтары бар 8 үстел орнатылды.

«Алматы – 2050» даму стратегиясын, атап айтқанда «Адамдар үшін арналған қала» қағидатын іске асыру шеңберінде мегаполисте қолайлы, жайлы қалалық ортаны қалыптастыру: халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қаланың қоғамдық кеңістігін көгалдандыру және дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.


Ұқсас тақырыптар