Түлеп жатқан Нарынқол...

69d039b8-a6e4-4578-aa6b-497c1e42bf19.jpg


Алматыдан шыққан көлік Нарынқолға беталып келеді, халықтың хәм тілі құлағы атанған тілшілер қауымын Алматы облысы Амандық Батталовтың   кеңесшісі Ғалыммұрат Жүкел мен өңірлік «Жетісу медиа» комуникация бөлімінің басшысы Жанна Арынбекова Талдықорғаннан арнайы келіп,  алып жүрді. 

Алматыдан кешкі қара суықпен шығып, Шелекке жеткенде қар борай бастады.  Нарынқолға жеткенде түн болған еді, бірақ анау айтқан Шелектегі суық жел жоқ...  Таң ата таңғы астан кейін, бір топ тілшілер қауымы аудан орталығы Нарынқол көшелерін аралап кетті.  Б. Соқпақпаев, Е. Ібітанов, М. Мақатаев  сынды қазақ класиктерінің ізі қалған көше бойы тым тырыс. Нарынқолдың өзінде тұратын халық саны он мыңға жетер жетпес, орталық көшелерден басқасы тозған. Бағдаршам да сол орталық көшелерде, бірақ көлік аз..  Ескі үйлер, қоршаусыз есік алды қам қарекетсіз жатқан қазақ ауылының дәл көрінісі. Алайда бірнеше шақырым жерде азулы көршіміз Қытай тұрғанын ескерсек бұл қамсыздық қауіпті ақ.

EDM_3409.JPG


Дәл шекараның түбінде тұрған Нарынқол ауданы аудан  статусынан айырылып, Кегенге қосылғалы біраз жыл болған,  2017 жылдың 10-тамызы күні  Алматы облыстық Мәслихатында шекара түбіндегі Нарынқол міселесі  талқыланып, Үкіметке ұсыныс жасалған болатын.  Нәтижесінде араға 21  жыл өткен соң  2019 жылы Нарынқол Райымбек ауданынан бөлініп өз алдына отау тіккен жыл болды. Жаңа ауданның жалпы аумағы - 711 937 гектар жерді құрайды, он шақты ауыл, одан көбірек ауылдық округтер бар.  Стартегиялық тұрғыда дұрыс шешім болғанымен советтік заманнан қалған ескі ғимараттар, шаруасы шатқаятаған тіршілік ауданның статусына сай емес еді.  

EDM_3527.JPG


20 қараша күні облыс әкімі А. Батталовтың қатысуымен 83 комуналдық тұрғын үйдің 33 кілтін өңірге жаңадан келіп жатқан   жас мамандарға тарту етті. Өңір жас мамандарға әсересе дәрігерлер мен мұғалімдерге өте зәру. Нарынқолдың аяқ жағынан салынып жатқан қалашық кәдімгідей аз уақытта көз тояр мекенге айналып үлгерген. Бір ауылдың екі бетінде екі өмір қайнап жатқан сияқты,  бірі ескі бірі жаңа. Ауданның негізігі тынысы ауыл шаруашылығы, әсіресе қызыл кортобы. Халықты көбірек ауылға тарту мақсатында жаңадан бой көтеретін заводттар да жоспарда. Халыққа қажетті   

Халыққа қызмет көрсету орталығы, Прокуратура, ҰҚК ғимараттары да жаңадан бой түзепті. Шекарадан ұшқан құсты бақылап отырған жылжымалы үлкен көлікке орналастырған жүздеген шақырымдағы адамның түрін анық көрсетіп тұрған соңғы технология құдіретіне тамсаныстық, ҰҚК қызметімен    іргеміздің  беки түскені анық.

426ea49d-6a8f-4216-ad64-775783002b5a.jpg

Тәуелсіздікпен бірге бірнеше аудандар, тіпті облыстар  біріктіріліп кеткені ел есінде, ендігі кезекте Нарынқолдың күйін кешкен Шығыс Қазақстандағы бұрынғы Тарбағатай өңірі де жеке аудан статусына айналса.. деп армандаймыз.  Тарбағатайдағы  тұғыры биік Ақжар ауылы да аудан статусына әбден лайықты, ол да дәл шекара түбінде тұр.


Аида Кожмамбетова



Ұқсас тақырыптар