Цифрлық және гендерлік құқықтар

3.jpg


Цифрлық және гендерлік құқықтар жайында ауыл-аймақтардағы әйелдер мен қыздарға арналған алғашқы онлайн-тренинг

Өтетін уақыты: 2020 ж. 30 қараша, 10.00-ден - 13.00-ге дейін

"Құқық қорғау орталығы "Заң талабы" қоғамдық бірлестігі" әйелдер мен қыздарға арналған алғашқы онлайн-тренинг ұйымдастырады. Онлайн-тренинг барысында келесі мәселелерге назар аударылады:

- цифрлық және гендерлік құқықтар;

- цифрлық және гендерлік алшақтық әйелдердің қоғамның тең құқылы қатысушысы болуына кедергі келтіруі;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу арқылы әйелдер мен қыздардың құқықтарын ілгерілету.

Сонымен қатар, онлайн-тренинг аясында e-gov, qamqor.gov.kz (онлайн өтініш), сот кеңсесі және т.б. электрондық қызметтерді алу үшін цифрлық платформаларды пайдалану дағдыларын үйрету бойынша шеберлік сынып өтеді.

Мақсаты: ауыл-аймақтар мен Шымкент қаласында қиын жағдайға тап болған әйелдер мен қыздарға қолдау және көмек көрсететін жүйені құру

Тренинг узақтығы 4 сағатты құрайды. Шара Zoom платформасында өтеді. Онлайн тренинге қатысқыңыз келсе "Құқық қорғау орталығы "Заң талабы" қоғамдық бірлестігінің" төрағасы Мурад Юнусовқа хабарлассаңыз болады: + 7 (702) 505 55 00, e-mail: zan.talabi@gmail.com.

Еске сала кетейік, онлайн-тренинг "Ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою" жобасының бір бөлігі және Орталық Азияның Еуразия қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында жасалып отыр. Жалпы 7 онлайн-тренинг өткізу жоспарланған. Олар ауыл-аймақтарда тұратын жастар, әйелдер мен қыздарға арналған. Онлайн-тренингтердің мақсаты - ауыл-аймақтарда тұратын әйелдер мен қыздарға цифрлық сауаттылық пен гендерлік теңдікті үйрету.



Ұқсас тақырыптар