Бізге қазақтану негізінде ұлттық педагогика жазатын уақыт әлде қашан жетті

1576854114_tradicii-i-obychai-kazahskogo-naroda-besikke-salu.jpg

                                                                      

Адам ұрпағына дұрыс тәрбиеден басқа ештеңе бере алмайды. Пайғамбар хадисі.

Ұлтты сақтап қалу үшін кешегі қиын заманда қызыл үкімтке бастарын берген Алаш көсемдері,   ұлт зиялылары не істеді, не жазды. Бүгінгі зиялылар бейбіт, азат күнде не жазып, не істеп жүрміз деп өзіне осы сұрақты қойуы керек шығар?  

КТК, 31 теле арналарын жаңалық көруге ашсаң, біздің қоғамның күннен-күнге іріп-шіріп бара жатқанын көріп көкірегің қарыс айырылады. Көреуге жаның шыдамайды. 

Кешегі жеті жарғыны жасаған Тәуке хан орыс пен жоңғар қысып тұрсада ешқандай айналасына жалтақтамай, бір Аллаға тәуекел деп іс бастап Құран мен Пайғамбар жолын мықты ұстап, әдет-салтты ұмытпай қазақтың ішкі жағыдайына, жан әлеміне, рухани болмысына, дәстүр құндылықтарына негіздей заң жазды емес пе ағайын. Біз олардан сауаттымыз, мықтымыз деп ұрандаймыз. Біз өзімізді өзіміз қарап тұрып, құрдымға жіберетін харекетті жасап жатқан жоқпыз ба?

Біз қазақтар өзімізден адасып қалғанымызға ғасырдан асты, қызыл үкіметтің «дін апиын, дін жоқ, шайтан жоқ» деген сөзіне алданып, өткенге тас атып, ата-бабаларымыздың бетіне топырақ шаштық. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың дінни-ағартушы өкілдері Абай Құнабайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Шәді Жәңгіров, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Нұржан Наушабаев, Тұрмағмбет Ізтілеуов, Ақмола Мұхаммедияров, Әбубәкір Кердері, Мақаш Қалтаев,  Нұржан Надшабаев, Мұсабек Байзақұлы, Әріп Тәңірбергенов,  Иманжүсіп  Құпанұлы өз шығармаларында мұсылмандық мәдниет пен әдебиеттің негізін қалыптастырды. Онда Жаратушы мен адам қарым-қатынасы, дүниенің жаратылуы, мұсылмандық әдеп пен ахлақ мәселелерін көтерді. (Б.Қ Бейсенов. Қазақ ойшылдары дін туралы: оқу-құралы-Алматы, 2012.-192б 161бет). Алайда біздер аталмыш зиялылардың Ұлы Жаратушының атын алып тастаған шығармаларын оқып мықта адастық. 

Тәуелсіз 30 жылда қазақ тіпті, көрінгеннің қаңсығына таңсық болып, тарам-тарам топқа бөлінді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аналар ала қап арқалап базарға нан іздеп кетті, үйдегі бала қараусыз, тәрбиесіз қалды, отбасы институьты түбірінен жойылды. Сол кездегі балалар бүгінде өздері отана, отағасы...Сол ұрпақ бүгінде билікке келе бастады, келіп жатыр... (Ескі таныс апайыммен көшеде кездесіп қалып,  хал-жағыдайын сұрадым. Несін сұрайсың, қазіргі жастардың қол астында, жанында бірге жұмыс істеу қиын болып кетті, амал жоқ жүрміз, тез зейнетке шықсақ-қой деп, күмілжіді...ащы шындық).    

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Мектептер әлі күнге тәрбиесіз. Әдеп-иба(ұят) пәні және дін мен дәстүрді негіз еткен қазақтану пәнін оқытуды қолға алатын уақыт әлде қашан жетті. Біздер баяғы жұртта отырып алып, маймылдан өзгерген адамды іздеп жүрміз. Бүгінде адам маймылға айналып кеткен жоқ па?!!! 

30  жылда әлі күнге бізде мойындалған оқыту жүйесі жоқ. Бір ізді ұлттық тәрбие балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында тіті барлық қоғамымызда жоқ. Балапан басына тұрымтай тұсына әр кім өз алдыда қалған оқулықен сабақ жүргізеді. Білім беруде ең әуелі өзгермейтін ел бойынша бір тұтас оқулық болу керек, бұл аксиома, (тек әр 3 жылда саясат пәнін өзгертсе болды).

Біз әуелі адам тәрбиелеп отырмыз, сосын маман, ғалым екінші шаруа, елдің бәрі ғалым болмайды, алайда қоғамға айдалы жақсы жұмыскер, жақсы жүргізуші, жақсы әке, жақсы ана, жақсы күзетші, жақсы арбакеш шығады емес пе.  

Не бір ізді ұлттық тәрбиесі жоқ, не бір тұтас оқулығы жоқ, не мойындалған базалық оқыту жүйесі жоқ мемлекет әлемде осы жалғыз бір шығармыз-ау. Мектеп директоры мен декан, заф кафедралардың мұғалімді өзі алатын жаман үрдісті тоқтатын да кез жетті, облыстық білім басқармасы бір тұтас дипломға қарап, маман білмін байқап, бетпе-бет сөйлесіп бір тұтас жұмысқа бөлу үрдісін жасап бұйырқен жіберсе, сондағана мұғалімде сапа қалытасады. Біз бұның бәрін директор мен декан, заф кафедраға беріп қолдан жемқорлыққа жол беріп отырмыз. 

Ауылда кешегі сауыншы әйел бүгін еден жуғыш, ертең мұғалым... деге тәмсел бар... одан оқыған  оқушыда не үміт не қайыр...Міне осындай қоғамды өзіміз қолдан жасап, енді қоғмымыздағы түрлі жамандықты аспаннан түскендей байбалам саламыз. 

Өзі іріп-шіріп біткен, ешқандай ішкі руханияты қалмаған, отбасы тәрбиесі (ата-әке, бала сыйластық) жоқ, сырты жылтыраған, іші қалтыраған, еркек еркекке артылған, әйел әйелге секірген, жалаңаштықта жарысқан, «қатыны мен баласы отағасын сақшыға берем деп қорқатын», Қылымыс жасауға итермелейтін, жазықтыны жанын салып қорғайтын, нәпсілерін (ойына келген хайуандық тірлігін) жақтайтын «шимақтарын» заң деп, жазып алған қауымға еліктейміз бе? Демек әбден бүлінген жұртың бүлдіргісімен әлі жүрміз?  Солардың педагоикасымен баламызды оқытып жүрміз. Бізге қазақтану негізінде ұлттық педагогика жазатын уақыт әлде қашан жетті. 

Үйімізде сайрап тұрған теле жәшік, қолымыздағы сырғымалы қолфонның ішін былыққа толтырып, баламызды бізден жұлып алды.... ұрпағымызды кім тәрбиелеп жатыр... бір үйде тұрғанымызбен бала-шағамыздың жаны қай жақта, жүрегі не деп соғып тұр... біз тек сыртқы тәніне қарап мәз болып жүрміз, адам тек ішкі әлемімен ғана адам болмақ. Барлық бұзықшылықты ғылыми түрде бала кезден сыналап қағуда... 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне тікелей бағынатын Құзіретті Қазақтану академиясы мен ұлттық педагогика институьтын құрып, сапалы мамандармен жұмыс бастап, ұлтты құтқару керек шығар. БҒМ да тезден қазақ ұлтын көзге ұстай отырып, барлық мектеп оқулықтарын қайтадан бір тұтас жаздыруды қолға алмас шіркін. Абайдың толық адам ілімі, қазатың ұлттық болмысы, дүние-танымы, жаны мектепте оқылуы керек.

PS: Бір қаумыды өзгерткің келесе оның бүлдіршінін тәрбиеле деген бар.  Өкініштісі сол, бүгінде отбасылық тәрбиенің қатты ақсауы, жұрттың жаппай қазақтықтан безінуі, мектепте тәрбие, әдеп сабағының болмауы, теле жәшіктің арбауы, қолфонның қоздыруы ең алдымен жастарды жүгенсіз аттай басқа жаққа алып кетті. Сондықтан баяғы тәрбиелі қыз, ұл қазір жоқ. Біз кімге еліктеп жүрміз, қазақ өзін толық танымаса бәрі тұл.

Ашық күнде өзімізден өзіміз адасып жүрміз. Ұлт болам десең, әр қазақ тамырыңды ізде. Алланың арқанына жабыс, ата-бабаңды ұлықта. Бұл нәрселерде саған зәредей зиян жоқ. Ертеңгі ұрпаққа дұрыс тәрбиеден басқа ештеңе қалдыра алмайсың... Иман тұнған отбасында ешқашан ұрыс-керіс болмайды.  Бір ұлттың, елдің мәңгілік болуы да құрдымға кетуіде бүгінгі ұрпаққа берліп жатқан тәрбие мен білімге тікелей байланысты.


Нұрхалық Абдырақын


Ұқсас тақырыптар