Ауылым, бүгінгі хәлің нешік?

WhatsApp Image 2021-07-21 at 13.58.40.jpeg


Ауыл әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидат Данияр Серіков туған ауылының бүгінгі ахуалын көрсетті. 

Бүгін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкіміне кандидат Данияр Серіков ауыл тұрғындарымен кездесіп, кент аймағын аралады. 

Ауыл 1936 жылы балық аулау станция негізінде қаланған. 1937 жылы Қарағанды-Балқаш темір жолы құрылысы аяқталғаннан кейін мұнда Балқаш мемлекеттік балық өндірісі тресі ашылды.  болса, 2009 жылғы санақ бойынша халық саны 2148 адамды құраған. 

Кеңес одағы кезінде негізгі өндірісі балық шаруашылығы болған кенттің бүгінгі ахуалы нашар, қаңырап тұр. 

Төменде Данияр Серіков жіберген бейнежазбада кенттің кіреберісінде орналасқан Қазпошта ғимараты, оның қаңқасы ғана қалған. 

 «Қазіргі жағдайды өздеріңіз көріп тұрсыздар. Ғимараттың сау жері жоқ деп айтуға болады. Себебі біз 3 шақырым жерде қаланың жанындамыз. Көліміз міне 1 шақырым жерде орналасқан. Ал мынау Шашубайға кіреберістегі біздің негізгі көрнекі ғимарат.», – дейді Данияр Серіков бейнежазбада. 

Қазіргі кезде ғимарат жекеменшіктегі нысан болғандықтан ішін кіріп аралауға мүмкіндік болмады. Кеңес заманынан қалған заттардың қалдықтары, қабырғасы сөгілген бөлмелер, сынған терезе... Вандалдар ғимарат сыртында свастика салып кеткен, мұның бәрі жергілікті тұрмыстың бет-бейнесін суреттеп тұр. 

Туған өлкенің құлдыраған күйіне жаны ауырады. Осындай проблемаларды шешу әкімдік құзырындағы шаруа деп санайды Данияр Серіков. Кент іргесінде жатқан Балқаш көлінің суы шипа, туристер тартудағы әлеуеті зор. Сондықтан осындай ғимаратта белді демалыс орталығын құрып, көптеп жұмыс орнын ашуға болады. 

 «Ауылдың тумасы ретінде қазіргі жағдайына жаным ашиды. Сондықтан осы ғимараттың иесіне айтарым, нысанды қалыпқа келтіріп, халықтың игілігіне жаратуға, жұмыс істеуге шақырамын. Құрметті ауылдастар, бәріміз бірге ғимартқа екінші тыныс беріп, ауылымызды көркейтуге күш салайық», – деп үндеу салды Данияр Серіков. 

Алдағы күндері кандидат ауыл тұрғындарымен кездесу өткізеді. Шашубай кенті әкіміне үміткер Данияр Серіковтың сайлауалды бағдарламасында кентті абаттандыру, жол жөндеу сынды кезек күттірмейтін шаралар белгіленген. Данияр Серіков кентті туристік аймақ ретінде дамытуға күш салмақ.  






Ұқсас тақырыптар