Мақпалдың мұнысы не?

news9853.jpg


Жақында халық қалаулысы әрі ақын Мақпал Мыса әлеуметтік желіде қазақ тілін қолдап пост жазған еді. Көп ұзамай оны алып тастады. Депутаттың ойын бұлай тез өзгертіп, постты алып тастауына не түрткі болды? Әлде жоғары жақтан сондай бұйрық түсті ме? Ол жағы бізге беймәлім.

Алайда осы жайттан кейін оның бұл қылығын сынаушылар да табылды. Oraz Alimbekov есімді фейсбук қолданушысы «Мақпал Мыса да періште екен, әпсәтте "болты" босап "желі" шығып кетті» деп жазды.

«Осы өздерін зиялы қауым санайтын ақын-жазушылардың тірлігі қызық. Қарапайым ақын боп жүргенде  қазақ тілінің жанашыры, халықшыл, ақиқатшыл боп жүреді де, билікке қолы жеткен күні 180 градусқа бұрылып халыққа арқасын көрсетіп кетеді. Рас, кейде билікте жүріп те халықтың сөзін сөйлегенсиді. Бірақ, артынша болты босап, желі шығып кетеді. Саяси мәлімдемесі былай тұрсын, тіпті шығармашылығында да өзгеріс болады, ақындық рухы сынады. Соңында бұрын тірнектеп жиған беделінен айырылып тынады»,-деп жазды ол.

Сонымен қатар ол өнер адамдары билікке барса абыройы қашан айрандай төгіледі екен деп алаңдайтын күйге жеткен.

«Ақын-жазушы, әнші, журналист "билікке бара жатыр", "депутат болмақшы" десе, төбе шашымыз тік тұратын қалге түстік қой. Кешегі азаматтық позициясынан, принципінен қашан тайқып шыға келеді, абыройы қашан айрандай төгіледі деп елеңдейтін болдық. Себебі, "Итің ұры десе, намыстанатын қазақпыз" ғой. Қазыбек деген ақынымыз да масқара болды... Одан кейін де талай зиялының рухы сынып, халық үшін зиянды қауым боп кетті. Енді "он екі гүлінің бірі де ашылмаған" Мақпал ақын жұрт алдында, оқырманы алдында масқара болып жатыр. Ол  кеше ғана қазақ тілін қорғап жазған постын өшіріп тастапты. Тарызының бір басында қазақ тілінің тағдыры, екінші  басында билік пен байлық тұрған ғой. Қазақтың Мақпал ақыны соңғысын таңдапты. Өкінішіті... Өкінішті...»,-деп жазды желі қолдануысы.

Сондай-ақ журналист әрі әлеуметтік желінің белсендісі Тоқтар Жақаш та «Ақын қыз ба, сатқын қыз ба?» деген тақырыппен пост жазды.

«Бюджеттің 28 млн теңгесіне беті бүлк етпестен вешір жасап, онысына титтей де ұялмайтын Мақпал Мыса тағы да тақырыпқа тұздық боп отыр. Осыдан бес күн бұрын "қазақ  Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде" жариялаған постын не себепті алып тастаған? Әлде, депутат қып "тағайындаған" бастығы "депутаттықтан кетем демесең үніңді өшір!" деді ме, сатқындыққа не себеп?  Түсінбей отырмын. Бәлкім, "НұрОтандағы" крышаң Байбек бата бермей қойды ма?»,-деп жазды ол.



Ұқсас тақырыптар