Велоспорт Федерациясына ардагерлер шағымданды

trek-2.jpg


Осыған дейін Exclusive.kz порталы елордалық «Сарыарқа» велотрегін «Қазақстанның велосипед спорты федерациясы» РҚБ-нің сенімді басқаруына беру процесі туралы хабарлаған еді.  Енді «Сарыарқа» велотрегінің әлеуетті басқарушысына ардагерлер де наразылық білдіруде. Олардың пікірінше, Қазақстанның велосипед спорты федерациясы мүлде жұмыс істемейді, ал президент Нұрлан Смағұлов басқарудың алқалық нормаларын назарға алмайды. 

 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Рашид Хакімов осыған дейін федерацияға велотрек және шоссе бойынша екі мемлекеттік жаттықтырушы жұмыс істегенін, қазіргі кезде бір ғана жаттықтырушы қалғанын дәйек ретінде келтірді.  

 «Қазір велоспорттың төрт олипиадалық түрі – шоссе, велотрек ВМХ, mountain bike (тау велосипеді) бар. Осы спорт түрлеріне күнтізбе құрып, бүкіл құрылымды бір ғана мемлекеттік жаттықтырушы жүргізеді. Бұл бір ғана адамға жүктелген ауыр жұмыс, федерация бұл жайт туралы ойланып, осы құрылымды құрып жатқан, білікті мамандармен ақылдасуы тиіс. Әр спорт түріне жеке-жеке мемлекеттік жаттықтырушы қажет. Бұл дегеніміз Азия ойындары, әлем чемипонаттары, әр бағдарламада олимпиадалық медальдардың бірнеше медалі сарапқа салынады: шосседе – екі түрі, ВМХ-та – төрт түрі бар. Осыны Смағұлов мырзаға түсіндіріп берсе, ол келісер еді деп ойлаймын», – дейді Рашид Хакімов.

 Қазақстанның велосипед спорты федерациясының жұмысын сипаттайтын тағы бір мысал – BMX сияқты велоспорттың олимпиадалық түрі тіркеуден өтпеген. 

 «Қыркүйекте Өскемен қаласында ВМХ трегінің құрылысы аяқталады. Текелі, Талғар және Нұр-Сұлтан қалаларында құрылыс аяқталған. Биыл Текелі қаласында Жастар ойындары өтті, бірақ оларды ешкім тіркеген жоқ, салдарынан спортшының ұпайы есепке алынбады», – деді жаттықтырушы. 

Рашид Хакімовтің айтуынша, ВМХ спорт түрінің тіркелмеуі себепті өңірлерден Жастар ойындарына келген спортшылардың жарыста жеңген ұпайылары саналмады. Бұл жарыстағы нәтиже спортшылардың рейтингтегі орнына, өңірлердегі спорт дамуына қаржының көп бөлуіне әсер етер еді. 

 «Велоспорт федерациясы мүлде жұмыс істемейді. Сол себепті біз жаттықтырушыларды қабылдай алмаймыз. Егер федерация Мәдениет және спорт министрлігіне құжаттарды тапсырған болса, бізде велоспорттың төртінші олипиадалық түрі болар еді. Біздің ВМХ-та артта қалып жатқанымызға 30 жыл болды», – дейді бапкер. 

 Спортшының айтуынша өңірлерде «велоспорт бойынша ретсіздік» басым: бір спортшы шоссеге де, байкқа да, трекке де қатысады. «Мен велосипедсіз әлем чемпионатын қалай жапқанымды айтпай-ақ қояйын. ШҚО-да 14 жаттықтырушы жұмыс істейді бірақ дені дұрыс бірде бір велосипед жоқ. Олар сатып алынбады», – деп налыды ол. 

 Рашид Хакімов федерацияға Нұрлан Смағұлов басшы болып келгелі бері тренерлер кеңесі жиналмайтынын айтты. «Қазір бесінші велотрек салынып жатыр. Не үшін салып жатыр? Бұл туралы ешкім бас қатырып жатқан жоқ», дейді жаттықтырушы. 

 Қазақстанның велосипед спорты федерациясының қазылар алқасы төрағасының орынбасары, Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) жаттықтырушылары лицензиясының иегері Сергей Бредихин өңірлік федерациялар республикалық федерацияның өмірінен алынып тасталған деп санайды.

 «Өңірлік бөлімшелер федерация құрамына кірмейді. Олардың жұмысын ешкім елемейді. Жыл басынан федерацияға қабылдау туралы 45 өтінім келіп түскенін білемін, бірақ ешқайсысы әлі қаралмады. Бұл жағдай 2019 жылғы қазанда федерацияны Нұрлан Смағұлов басқаруға алған соң қиындай түсті. Ол Қазақстанның велосипед спорты федерациясының жарғысын өзіне бейімдеп алды да көмекшілерді сайлап емес, тағайындай бастады. Бұл әрекет барлық нормаға қайшы. Басшы алқалық нормаларды назарға да алмайды, қазір тіпті жеке-дара басқаруға көшті. Осылайша федерацияның атқарушы комитеті таратылды. Дәл осы құрылымда федерация жұмысының саясаты құрылады емес пе», – деді  Сергей Бредихин.

Спортшының айтуынша, федерация мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінде теңдік жоқ, конференцияларды шақыру рәсімдерінің өрескел бұзылуы, спортшылар, жаттықтырушылар мен вело-қауымдастық өкілдерінің конференцияларды өткізуге құқықтан айыру орын алуда. 

Қазақстан велосипед спорты федерациясының мамандары спортшылардың шағымына қатысты пікір білдірді. 

 «Мемлекеттік жаттықтырушы біреу болады – ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы спортты дамыту дирекциясына бағынады, сондықтан дирекцияға ғана жаттықтырушыны тағайындайды немес жұмыстан шығара алады. Ел құрама командалардың жаттықтырушыларына келер болсақ, оларды Ұлттық олимпиада комитеті бекітеді, олар комитетте есепке алынады, еңбекақы алады. Қазақстанның велосипед спорты федерациясына қатысты айтар болсақ, соңғы екі жылда басшылыққа Нұрлан Смағұлов кегелі бері жаттықтырушыларды ешқандай қысқарту болған жоқ», – деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. 

 Федерацияның баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша ВМХ тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Бізге басқа спорт түрлерінен ВМХ-ті ерекшелеу маңызды өйткені бұл олимпиадалық спорт  түрі. Біз бұл процесті тездеткіміз келеді, себебі федерация барлық өңірде ВМХ-парк салу бойынша жобаны бастады. Алғашқы екі ВМХ-паркі Алматы және Өскемен қалаларында жұмыс істеп жатыр, үшіншісі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жетісу» паркінде қалалық демеуші қаражаты есебінен, федерация күшімен қалпына келтірілді», – деп жазады баспасөз қызметі. 

 Федерация өкілдері жаттықтырушылар кеңесі бұрынғыша жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

 «Бізде жаттықтырушылар кеңесі әр спорт түрі бойынша жекелей өтеді. Трек бойынша бөлек құрам, МТБ бойынша – басқа құрам, шосседе де тура солай. Жаттықтырушылар кеңесіне құрама жаттықтырушылар, өңірлер бойынша бас жаттықтырушылар кіреді. Атқарушы комитетіне келетін болсақ, қазіргі кезде конференция – федерацияда шешім қабылдайтын басты орган болып белгіленген. Демек, атқарушы орган басқа формада жұмысын жалғастырып жатыр. Айта кетейік, атқарушы орган да, конференция да спортқа қатысты негізгі шешімдерді қабылдай алмайды, барлық спорттық мәселелер спорт түрі бойынша жаттықтырушылар кеңесінде шешіледі», – деп сендірді федерация өкілдері. 



Ұқсас тақырыптар