Алматы облысының кәсіпкері форель шаруашылығын дамытуда

IMG-20210907-WA0070.jpg


Мемлекеттік қолдаудың арқасында Алматы облысында балық шаруашылығы да дамып келеді. Осылайша Кеген ауданының тұрғыны "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқып, бұлақ суында форель балығын өсірумен айналысуда. Заманауи балық шаруашылығы жыл сайын 6 мың тоннадан аса тауарлы балық түрін алады. Облыста балық шаруашылығына бөлінетін субсидия нәтижесінде кәсіпкер ағымдағы жылдың 8 ай ішінде 3 мың тоннадан аса балық өсірді.

Мамандығы бойынша инженер-механик Ерсайын Көбенқұлов ұзақ уақыт Алматы қаласында жұмыс істеген. Араға уақыт сала туған өлкеге оралып, мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдайды. Өз кәсібін дөңленту үшін жас кәсіпкер алдымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіптің қыр-сырын меңгереді. Оқуын аяқтаған соң болашақ кәсіпкер жобасын қорғап, туған мекені Кеген ауданына қарасты Талды ауылында жобаны жүзеге асыра бастайды.

Ерсайын бірнеше мың форель шабағын бұлақ жанынан салынған бассейнге жібереді. Бұл оның қазіргі табысты кәсібінің бастауы болды.

- Су температурасы, ауылдың климаты форельді өсіруге мүмкіндік берді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында алынған 4 млн. теңге жеңілдетілген несие жақсы бастама болды. Бұл сомаға балық өсіруге арналған арнайы бассейндер тұрғызылып, арнайы құрал-жабдық пен жем сатып алынды. Балықты сатылымға шығару үшін 6 айдан аса уақыт кетеді. Жылына 2 рет, сәуір-мамыр айларында, ары қарай дамытуға болатын форель түрін аламыз, - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, шаруашылық жылына сатылымға 6 мың тоннадан аса балық алады. Жақын арада Ерсайын Көбенқұлов қосымша салынған екі бассейнге жіберуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жылына 20 мың тоннаға дейін форель балығын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта форельді туристер мен жергілікті тұрғындар сатып алынуда. Басым бөлігі Еңбекшіқазақ ауданындағы форель шаруашылығына жеткізіледі.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, биылғы жылы Ерсайын Көбенқұлов қосымша аграрлы туризммен айналысуға бел буған екен. Оның шаруашылығында келушілер өздері балық аулап, ұстаған балықтарын лезде дайындап, сол мезетте дәм татуларына болады. Сондай-ақ, арнайы киіз үйде демалып, атты тізгіндеп, моншаға түсулеріне мүмкіндік бар. Кәсіпкер осы бағытты дамыту үшін "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес»кәсіпкерлік негіздеріне жоба бойынша 3,1 мың жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқытылды. Өткен жылдары оқыған азаматтарды қоса есептесек, жоба бойынша оқытылғандардың ішінен 1200-ден астам бизнес-жоба гранттық қаржыландыру мен жеңілдікдетілген несие алды.

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, жалпы Алматы облысында балық өсіруге маманданған 24 балық шаруашылық субъектісі бар. Егер өткен жылы олар 943 тонна балық өсірсе, осы жылдың 8 айында мемлекеттік қолдаудың арқасында балық шаруашылығы саласында субсидиялар түрінде олар 3 мың тоннадан астам дайын өнім алды.



Ұқсас тақырыптар