Алғашқы дем: дәрігерлер жаңа туған нәрестелердің өмірін қалай сақтайды

WhatsApp Image 2021-09-22 at 08.06.00.jpeg


Қазақстандағы жаңа туған нәрестелер өлімінің басты себептерінің бірі - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Осындай жағдайлардың 70% гипоксия салдарынан болады. 

Балқаштық Рыспек Салтанат қызының дүниеге келгенін еске түсіргенде көз жасын тыя алмайды. Әдемі ауыр гипоксиямен – оттегі жетіспеушілігімен дүниеге келді. Бала амниотикалық сұйықтықты жұтып, өздігінен дем ала алмаған.  Одан кейін жағдай кинодағыдай өрбіген – ертеңіне  Әдемі ұшақпен Қарағандыға, облыстық клиникалық аурухананың перинатология орталығына жеткізілді.  Онда мұндай балаларға көмектесетін жабдық -  терапиялық гипотермияның аппараттық кешені бар. 

"Ол қозғала алмады, көзін ашпады. Әдеміге реанимация бөліміндегі гипотермия аппаратын қосып қойды. Бір аптадан кейін мен  Қарағандыға келдім, оған дейін мені Балқаш перзентханасының дәрігерлері жібермеді", - дейді Салтанат. 

Ал тағы бір аптадан кейін Әдемі қозғалып және өздігінен дем ала бастады. Қазір оның жағдайы жақсы: ол анасымен бірге Балқаштағы үйінде. Осыған ұқсас оқиға Жансәуле Жантөренің ұлы – кішкентай Әмірдің де басынан өтті. Ол да амниотикалық сұйықтықты жұтып қойып, босанудан кейінгі алғашқы күндер қорқынышты түстей  өтті. Бала өкпені жасанды желдетуге қосылған гипотермия аппаратында жатты.

"Маған реанимацияда ұлыма күтім жасауға рұқсат етті. Мен оның жөргектерін ауыстырып,  сағаттап бетіне қарап отырдым, кіп-кішкентай боп аппаратта  жатқанын көрдім. Қорықтым,  себебі мұндай құрылғыларды тек кинодан көргенмін. Мен оған саулық тілеп, аман қалуы үшін дұға еттім", - деп еске алады анасы.

Ең бастысы - жаңа туған нәрестелерде қандағы оттегінің жетіспеушілігінен туындайтын мидың зақымдануын болдырмау. Бұл үшін олардың дене температурасын біртіндеп төмендетеді, бұл асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Оған қосымша балаға ми қызметін, тыныс алу және жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер салады. Көптеген перинаталды орталықта гипотермия әлі де "ескі" әдістермен жасалады: нәрестені суық су немесе мұзы бар  медициналық қолғаппен орап қояды. Бұл тәсілден суық тию және баланың денсаулығына басқа да жағымсыз салдары болуы мүмкін. Баладағы барлық көрсеткіштерді өлшейтін жоғары дәлдіктегі жабдық мұндай қауіптерді азайтады.

"Менің туған күнім болатын.  Реанимацияға кірдім, ал құрылғы өшірулі. Мен медбикеге жүгіріп барып, жылап, оған: "Сіз менің ұлым туралы ұмытып кеткен шығарсыз!?,-дедім. Олар маған баламның жағдайы жақсы екенін айтты! Дәрігерлерге, мейірбикелерге, балаларымызды құтқару үшін құрал-жабдық сатып алып, тапсырған қайырымды жандарға алғыс айтамын", - деді Жансәуле Жантөре. 

Қарағандыда Әмір мен Әдемінің өмірін "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен AYALA қайырымдылық қоры сақтап қалуға себепкер болды 

"Қызметкерлер үшін мұндай жабдық – жұмыс кезіндегі үлкен көмек. Бұрын бұл процессті істеу өте ауыр болатын. Біз бәрін қолмен жасап келдік: суды салқындатып, температураны дұрыс диапазонда ұстап тұруды қадағаладық. Енді бәрі автоматтандырылған. Біздің кішкентай пациенттеріміз үшін, әсіресе асфиксия кезінде орташа ауыр жағдайға тап болған нәрестелер үшін гипотермия аппаратындағы терапияның нәтижесі өте жақсы. Ауыр асфиксиядан аман қалған балалардың орталық жүйке жүйесі зақымдалады. Бірақ автоматты гипотермияның көмегімен біз неврологиялық белгілерді барынша азайтып, сәбилерге толыққанды салауатты өмір сүруге мүмкіндік береміз", - деп Қарағанды облыстық ауруханасы перинатология орталығының басшысы Гүлнар Қайпанқызы Галиева көмек көрсеткен қорларға алғысын айтты.

Гипоксия - нәрестелерде өте жиі кездесетін диагноз дейді дәрігерлер. Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін: ананың әртүрлі аурулары, резус-конфликт, плацентаның мерзімінен бұрын қартаюы, кіндіктің айналуы, темекі шегу, қолайсыз экология. Осындай түрлі себептердің әсерінен гипоксияға шалдығушы балалардың көптігі таң қалдырмайды. Сондықтан Қазақстанның барлық перинаталдық орталықтары автоматты басқарылатын гипотермия аппараттарымен жабдықталуы тиіс.

"Босанудағы асқынулардан кейін функционалды және интеллектуалдық тұрғыдан сау болып қалған әрбір бала – бұл мемлекет, дәрігерлер, қорлар, қоғам тарапынан жасалған орасан зор еңбектің нәтижесі. Біз 15 жылдан бері Қазақстандағы сәби өлімі мен мүгедектікті азайту үшін елдегі ауруханалардың реанимацияларына ең заманауи жабдықтар орнатып келеміз. Нәтижесі – аман қалған жүздеген мың адам. 

Біздің қор елімізде ең озық медициналық әдістемелерді енгізуге көмектеседі. Соңғы 5 жылда біз перинаталдық орталықтарды автоматты басқарылатын гипотермияға арналған аппаратпен жабдықтау үшін белсенді жұмыс істеп келеміз. Ірі демеушілердің қолдауымен біз Нұр-сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында, Атырау, Түркістан, Семей облыстық перинаталдық орталықтарында осындай аппараттық кешендер орнаттық.  "Басқарылатын гипотермия" жобасының бас серіктесі - Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорына кішкентай қарағандылықтардың өмірі мен ақыл-ойын құтқарудағы көмегі үшін алғыс айтамыз", - деді Ayala қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Анықтама: Жыл сайын тек Қарағанды облысында 19 мың бала дүниеге келеді, оның 7% - ы мерзімінен бұрын туғандар. Негізгі көмекті оларға 6 перинаталдық орталық көрсетеді. Солардың бірі - облыстық клиникалық аурухананың базасында жұмыс істейді және жылына 5000-ға жуық ананы  босандырады.  2020 жылы мұнда орта және ауыр дәрежелі асфиксиямен 100-ге жуық нәресте дүниеге келді. Олардың барлығына терапевтік гипотермия қажет болды, бірақ ауруханада арнайы жабдық болмағандықтан оны қолдан келетін әдістермен жасады. 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында облыстық клиникалық ауруханадағы терапиялық гипотермияның басқарылатын аппараттық кешенінде жаңа туған нәресте аман қалды. 



Ұқсас тақырыптар