Тегеранды атқылау: АҚШ Иранға қалай жауап қатады?

АҚШ-тың Иорданиядағы әскери базасына дрондармен шабуыл жасалып, үш сарбаз қаза тапты. 34 сарбаз жараланған, оның сегізін дереу арада ауруханаға эвакуациялауға тура келген. Оқиға 28 қаңтарда болды. Аталмыш шабуыл Таяу Шығыстағы текетіресті күшейтіп, жағдайды ушықтырады дейді сарапшылар.


Вляпаемся в войну". США предупредили о смертельной ошибке - РИА Новости,  30.04.2023

Қазіргі сәтте АҚШ әскерилеріне қарсы жасалған шабуыл АҚШ-тың ішкі аудиториясындағы ызу-қызу тартысты арттырды. Трамп шабуылды «Байденнің әлсіздігінің көрінісі» деп атап, сайлау алдында тағы бір саяси ұпайын арттырды. Бұл өз кезегінде Джо Байденді маңызды шешім қабылдауға итермелеуі ықтимал.

 

АҚШ сарбаздары 7-қазаннан кейінгі Таяу Шығыстағы қақтығыстарда алғаш рет қаза тауып отыр. ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс аймақтағы Иран қолдайтын күштердің белсенділігін арттырған болатын. Ол Ливан аумағындағы «Хезболла», Йемендегі хуситтер, Ирак пен Сирия аумағындағы шииттік бағытты ұстанатын түрлі қарулы топтар. 7-қазаннан бері Сирия мен Ирак аумағындағы АҚШ-тың әскери базаларына 160-тан астам шабуыл жасалды.

 

Байден «Бұл шабуылға қатысы барларды қажетті әдіспен, тиісті уақытта жазалайтын боламыз» деді. Оның бұл сөзі сенаторлар арасындағы пікір таласын күшейтті. АҚШ-тың кей сенаторлары Иранның аумағына тікелей соққы жасауға шақыруда.

 

«АҚШ билігі бұл шабуылға нақты жауап жасалу керектігін жақсы түсінеді. Шабуылға жауап болмаса, бұл Иранның аймақтағы ықпалын арттырып, әрекетін сан-салалы етуі ықтимал. Сол себепті шабуыл барлығына бірдей сигнал іспеттес көрініс табуы қажет. Оны Байден де жақсы біліп отыр. Алайда жауаптың форматын таңдауда түрлі пікірлер мен идеялар айтылуда»,  - дейді сарапшы Эми Лорберг.

 

Таяу Шығыста ондаған жылдар АҚШ пен Иран мүдделік қақтығысқа түсуде. Алайда әлі күнге дейін тікелей қақтығыс болған емес. Тіпті Сүлейманидің өлімі де Тегеран мен Вашингтон арасындағы тікелей соғысқа ұласпады.

 

Bloomberg басылымы АҚШ билігі Иранға қарсы жауаптың үш сценарийін қарастырып жатқанын жазды. Біріншісі, Иран аумағындағы маңызды әскери нысандарға соққы жасау. Соққы тікелей АҚШ-ың қолымен емес, сол аймақтағы өзге қарулы топ қолымен жасалғандай көрініс табуы мүмкін. Дей-тұра сигналды Тегеран нақты түсінеді.

 

Екіншісі, Таяу Шығыстағы Иранның белді шенеуніктері мен әскери қолбасшыларын жою операциясы іске асуы ықтимал. Бұл Касем Сүлейманиді жою операциясына ұқсас болмақ.

 

Үшіншісі, тікелей Иранға соққы жасауп, Тегеранды атқылау. Алайда сарапшылар қазіргі таңда Байден ондай қадамға баруы екіталай деп санайды. Себебі алда сайлау жәге бұл қадам оның саяси мансабына кері әсерін тигізері анық. 

 

Иорданиядағы әскери базаға жасалған шабуылдан кейін, сарапшылар АҚШ пен Ұлыбритания Ирак, Сирия, Йемен аумағындағы қарулы топтарға шабуылды үдететінін айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар