Ермек Сырлыбаев қалай «Украинаның жауына» айналды?

Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы украиналық «Миротворец» сайтының тізіміне енді.

1707123801212021.jpg

«Миротворец» - украиналық интернет-сайт, онда елдің жаулары болып табылатын адамдардың мәліметтері жарияланады. Бұған дейін «Миротворецті» жасаушылар – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Deutsche Welle-ге» берген сұхбатынан кейін өздерінің «қара» тізіміне енгізген болатын. Онда Мемлекет басшысы: «Аннексия - Қырымға қатысты тым ауыр сөз», - деп айтқан болатын.

Қазақстанның СІМ-де ол кезде: «Тоқаевтың «Миротворец» базасына қосылуы Киевтің ресми ұстанымын көрсетпейді, себебі «Миротворец» орталығы мемлекеттік құрылым болып табылмайды», - деп мәлімдеді.

Сонымен, Ермек Сырлыбаевтың «Украина жауларының» қара тізіміне қосылуына не себеп?

Қаңтар айының соңында волейболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U18) Владивостоктағы «Локоволей-2023» XV халықаралық чемпионатының суперфиналына қатысқан. Қытай, Беларусь және басқа да елдермен жарысқан. Осы санатта шын мәніндегі Украина территориясы саналатын, Луганскі мен Донецкі сепаратистері бүлік шығарып, «жеке мемлекет боламыз» деп шыққан, кейін Ресейге қосып берген «ЛХР» және «ДХР» дейтін аумақтардың құрамалары да жарысқа қатысқан. 25 қаңтарда Қазақстан – «ЛХР» және «ДХР» командаларымен жарысып, 2:0 есебімен жеңген.

Қазақстандық жасөспірімдердің бас жаттықтырушысы Олжабаев Дулат және жаттықтырушылары Құлбеков Марғұлан, Иргашов Темур болған.

«Миротворец» Қазақстанның волейболдан U-18 жасөспірімдер құрамасының Ресейдегі әлгі жарысқа қатысып, бүлікшілердің командаларын мойындай отырып, олармен сайысқа түскені үшін Қазақстандық волейбол федерациясының басшысы Ермек Сырлыбаевты жауапты деп танып, «Украина жауларының» қара тізіміне қосқан.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар