Ресейдің соғысы, хуситтердің шабуылы: Орталық Азияға жаңа мүмкіндік!

Израиль мен ХАМАС соғысына байланысты Қызыл теңіз әлемдік сауда қатынасы үшін қауіпті аймаққа айналды. Йемендегі хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге жасаған шабуылы және хуситтерге қарсы АҚШ бастап, Ұлыбритания қостаған әскери операциясы аталмыш аймақты әлемдік сауда қатынасы үшін тұрақсыз мекен етті.


ВНЖ за инвестиции: как страны Центральной Азии борются за инвесторов? |  InternationalWealth.infoСтраны Центральной Азии в числе самых отсталых в мире по уровню инноваций  :: Новости :: StanRadar - новости Центральной Азии

 

Қызыл теңіздегі шабуылдарға байланысты әлемдік мұнай жөнелту маршруттары да ауысуда. Әзербайжан елі Оңтүстік-Шығыс Азияға жөнелтетін мұнайын басқа бағытта жібере бастады. Алғаш рет Әзербайжан Таиландқа жіберетін Azeri Light маркалы мұнайын Африканы айналып жөнелту маршруты арқылы іске асырды. Жаңа маршрут тасымалдаушы және сатып алушы елдер үшін тиімсіз. Себебі тауарды жеткізу мерзімі 10 күнге кешіктіріліп, тауарды жеткізу құны маршруттың ұзаруына байланысты қымбаттауда.  

 

Bloomberg басылымының жазуынша Суэц каналы арқылы өтетін кемелер саны азайып, Мысыр бюджетіне каналдан түсетін табыс та 23 пайызға төмендеген. Бұл Мысыр үшін айтарлықтай соққы. 2023 жылы Мысыр Суэц каналынан 10,25 млрд доллар табыс тапқан, алайда 2024 жылы ол көрсеткіш еселеп азаймақ.

 

Хуситтердің шабуылынан бөлек, Ресейдің Украинаға қарсы соғысы да дәстүрлі тасымалдау маршруттарын өзгертті. Ендігі таңда Қара теңіз арқылы да тасымал жүргізу қиынға соғуда. Бұл жаңа маршрут жолдарының ашылуына себепкер болып отыр.

 

Еуропа елдері Әзербайжаннан мұнай мен газды көбірек алуға ниетті. Сонымен бірге ЕО-ның назары Орталық Азиядағы Қазақстан мен Түркіменстанға да ауып отыр. Дәстүрлі тасымал жолдары бұзылуына байланысты әлемдік қауымдастық «Зангезур дәлізінің» ашылуына мүдделі екенін танытты. Қазіргі сәтте Әзербайжан-Грузия-Еуропа, Әзербайжан-Зангезур-Түркия-Еуропа, Орталық Азия-Каспий-Әзербайжан-Грузия-Еуропа және Орталық Азия-Каспий-Әзербайжан-Зангезур-Түркия-Еуропа бағыты аса өзекті болуда. ЕО елдері тіпті Транскаспий бағытын дамытуға 10 млрд еуродан астам қаржы да жұмсамақ.

 

Түркиялық сарапшы Ахмет Хамди Гурдоганның мәліметінше хуситтердің шабуылына дейін Қызыл теңіз арқылы күн сайын Азия, Солтүстік Еуропа, Жерорта теңізі жағалауы елдері мен Америка құрлығына күніне 10 млрд доллардың тауары тасымалданған. Алайда қазіргі сәтте бұл тасымал жолы бұзылды. Ендігі сәтте компаниялар мен мемлекеттер қауіпсіз маршрутты таңдауға мүдделі, соның бірі Транскаспий бағыты. Бұл Зангезур дәлізінің ашылуы мен Орталық Азия және Әзербайжандағы теміржол, ақылы жолдардың дамуына үлкен септігін тигізбек дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар