Қытай Ресейге: Орталық Азиядан кет! Бұл біздің нарық!

Сарапшылар - Қытайдың Орталық Азия елдеріне ықпалының артуы және олардың Бейжіңмен қарым-қатынастағы басымдықтары туралы сөз ете бастады.

1707476127291473.jpg

«Қытайдың Орталық Азия мемлекеттеріне ықпалы соңғы жылдары ұдайы өсіп келеді, ал Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Бейжің таяу болашақта аймақтағы үстем күш ретінде Мәскеуді түбегейлі алмастыра алатыны айқын болды», - дейді сарапшылар.

Мұны 2023 жылғы мамырда Қытайда Шиан қаласында өткен «Қытай-Орталық Азия» бірінші саммитінің қорытындысы растады. Осы сәттен бастап Қытай сауда байланыстарын тереңдетуге кірісті және қауіпсіздік мәселелеріндегі ынтымақтастықты кеңейте отырып, өңірге инвестицияларды ұлғайтты.

ҚХР-ның ОА нарығына тереңдеп енуі – Орталық Азияға өзінің жаһандық байланыстарын әртараптандыруға және Ресейге тәуелділікті түбегейлі азайтуға мүмкіндік береді.

5 ақпанда Гарвард университетінің Дэвис атындағы Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығының (Nargis Kassenova, Harvard University) аға ғылыми қызметкері және бағдарлама директоры Наргис Қасенова Карнегидегі жаһандық диалог» атты форумда Орталық Азиядағы Ресейге деген көзқарастың өзгергенін айта келе, бұл «2007 жылы Владимир Путин Мюнхенде сөз сөйлеген кезде басталды», - деп атап өтті.

«Ресей де, посткеңестік кеңістіктегі ойын ережелері де өзгере бастады. Ресей Батыстан алыстап, Қытайға көбірек сүйене бастады, ал Орталық Азия мемлекеттері Ресейден көбірек қорқып, соның салдары ретінде Қытайға көбірек сүйене бастады да, ол сол кезде Орталық Азия мемлекеттеріне үлкен несиелер үлестірді», - дейді Наргис Касенова. 

1707475870262466.jpg

ОА ЕЛДЕРІ РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ «ӘЛСІЗ БУЫН» БА?

«Таяуда екі ел де ШЫҰ – Батысқа балама болып табылатын көпжақты халықаралық ұйымды дамытуға мүдделі болды. Және әр ел оның аясында өз жобасын алға жылжытты. Ресейде Еуразиялық экономикалық интеграция жобасы бар, ал Қытайда бұл - «Бір белдеу - бір жол» бастамасы. Бірақ 2014 жылы Қырым аннексияланғаннан кейін және 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін күштер теңгерімі өзгерді. Қытай күшті болды, ал Ресей беделін жоғалтты. Әр түрлі себептерге байланысты Қытай өте тартымды серіктес болып табылады. Бұл динамикалық экономика. Оның үстіне, Орталық Азия елдері Ресейден неғұрлым қорықса, Қытайды соғұрлым ұстауға дайын», - деп түсіндірді Наргис Қасенова.

ҚЫТАЙ АМБИЦИЯСЫ. ЕУРООДАҚТЫҢ ОА-ДАҒЫ ҮЛЕСІ  

Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) «қақтығыстар, бейбітшілік және қауіпсіздік» бағдарламасының зерттеушісі Цзяи Чжоу ЕО-мен ынтымақтастық саласындағы көптеген бастамалар бастапқыда тоқтатылғанын еске салды. Оған басты себеп - COVID-19 пандемиясы болды. Содан кейін Украинадағы соғыс. Бұл ретте, Орталық Азия арқылы «жаһандық сауда ағынын» құру идеясы әлі де өміршең.

Чжоудың айтуынша, Орталық Азия ЕО-мен байланысты арттыруға мүдделі. Әсіресе, ОА-ға өңірдің көлік секторы мен инфрақұрылымын дамытуға көмектен басқа баламалы энергия көздеріне, ресурстарды басқару жүйелеріне, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға және т.б. инвестициялар керек.

1707475823338929.jpg

ОА ДӘЛІЗІ: РЕСЕЙ, ИРАН, ҮНДІСТАН, ТҮРКИЯ НЕДЕН ҮМІТТІ?

Сарапшы Орталық Азияны «сауда дәлізі» ретінде тек Еуроодақта ғана пайдаланғысы келмейтініне назар аударды. Бұл «дәлізге» Ресей де, Иран да, Үндістан да, Түркия да мүдделі.

Сарапшы болашақта Еуроодақ пен Қытай арасында «Орталық Азия елдерінің тұғырнамасын» дамыту бойынша «берік серіктестік қарым-қатынас» орнатылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Орталық Азия мемлекеттері кез келген жағдайдан пайда табуға тырысады, бұл дұрыс», - деп мәлімдеді Қасенова.

ОА ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ҚХР-ҒА АРҚА СҮЙЕЙ МЕ?

Сарапшының мәліметінше, ҚХР Тәжікстанға қатысты осындай қозғалыстар жасады. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен оқу-жаттығулар туралы келісімдерге қол қойылды және олар жиі өткізіледі.

«Қытай өзін жаһандық держава санайды. Ал ықпалды шет мемлекеттер үшін шетелдік көмек - байланыстарды дамытудың тәсілі болып табылады. Айтпақшы, бұл тұрғыдан Ресей мен Қытайдың көзқарасы мүлде басқаша», - дейді сарапшылар.

Сарапшының айтуынша, ҚХР «Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтті, ол терроризм мен тұрақсыздықтың туындау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударады».

«Тікелей қауіп-қатер Тәжікстанның Ауғанстанмен бөлісіп отырған шекарасынан туындайды және Қытай қауіпсіздік мәселесін шешу үшін маңызды ресурстарды дәл сол жерге жіберді», - деп мәлімдеді Чжоу.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар