60 млрд доллардың көмегі: АҚШ тағдыршешті шешімді қабылдай ма?

АҚШ Сенаты Украина мен Израильге және Тайуанға көмек беру туралы заң жобасын қолдап дауыс берді.

1707832602650470.jpg

Ұзын-саны 70 сенатор қолдап дауыс берсе, 29-ы қарсы болған. Қолдаушылар – демократтар және республикашылардың 22 депутаты. Қарсы болғандар – республикашылар.

«Бүгін біз Сенат тарихындағы аса маңызды әрі тағдыршешті заң жобасына дауыс беру сәтіне куә болдық. Сенат дәл қазір ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасын қабылдады. Бұл біздің қауіпсіздігіміз, біздің құндылықтарымыз бен біздің демократиямыз үшін аса маңызды шешім болды», - дейді Сенатор Чак Шумер.

Енді заң жобасы Өкілдер палатасының қарауына жіберіледі. Сонан соң, АҚШ президенті Жо Байден қол қоюы тиіс.

Заң жобасы – «Ұлттық қауіпсіздік туралы» деп аталады. Оның ішінде Украинаға әскери-қаржылық көмек мәселесі қаралған.

АҚШ-тың әскери-қаржылық көмегінің сомасы – 95,3 млрд долларды құрайды. Оның:

* 60 млрд доллары Украинаға,

* 14,1 млрд доллары Израильге,

* 9,2 млрд доллары Газа секторы, Иорданның батыс жағалауы мен Украинадағы қарапайым халыққа гуманитарлық көмек көрсетуге,

* 4,8 млрд доллары Үнді-Тынықмұхит аймағына, бірінші кезекте Тайуанға көмек ретінде беріледі.

CNN-нің жазуынша, заң жобасы шетелдерге әскери көмек мәселелерін ғана қамтыған. Ондағы шекара қауіпсіздігі туралы тармақтар алынып тасталған. Себебі – бұл тармақтарды экс-президент Доналд Трамп пен республикашылар қолдамаған.

Сенаттағы дауыс беру қалай өтті?

Reuters: Дауыс беру Вашингтон уақытымен есептегенде, таңға дейін жалғасқан. 8 республикашы сенатор табандап қарсы тұрып, 6 сағаттық баяндама жасаған.

Әрі қарай не болмақ?

Түні бойы тоқтаусыз жүріп, таңға дейін жалғасқан талқылаудан кейін, АҚШ Сенаты заң жобасын қабылдаған. Енді бұл заң жобасы АҚШ-тың Өкілдер палатасына жіберіледі. Ал Өкілдер палатасында республикашылардың саны басым.

Палата спикері Майк Жонсон Сенаттағы дауыс беруге дейін-ақ, аталған заң жобасын қатаң сынап: «Өкілдер палатасы өз ұстанымдарына сай дауыс береді», - деген.

Осылайша, әзірге заң жобасының келешек тағдыры белгісіз күйінде қалуда. Десе де, Өкілдер палатасында демократтар да жоқ емес. олар заң жобасын талқылаудың балама жолдарын ақылдасуда. Ал республикашылар спикер Жонсонға қысым жасап, заң жобасын бұғаттауды ұсынуда.

Өкілдер палатасындағы демократтар спикер Жонсонның отставкасы туралы петиция ұйымдастыру мәселесін де талқылауда. Алайда, спикерді отставкаға жіберу үшін кемі 4 республикашының қолы керек болады. Ал қос палата мақұлдауынан қатар өтпеген заң жобасы президент Жонсонның алдына бармайды.

Ал Украина президенті Зеленский заң жобасын қолдаған АҚШ Сенатына алғыс айтты.

«АҚШ көмегі Украинада әділетті бейбітшілікті жақындата түседі. Сондай-ақ, жаһандық тұрақтылықты қайта орнатуға сеп болады. АҚШ көмегі Ресей террорын жеңу үшін аса маңызды», - деді Ол.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар