Молдова мен Румыния қосыла ма? Румын премьері не дейді?

Молдова мен Румыния бірігуі мүмкін бе? Бұл туралы сөзді бүгін Румыния премьер-министрі Марчел Чолаку сөз етті.

1712250435178261.jpg

Молдова мен Румыния келешекте қосылуы мүмкін деген сөздің талқыға шыққаны кеше-бүгін емес. Молдова мен Румынияда бұл идеяның жақтаушылары да, оған қарсылар да баршылық.  

«Мен бірігуді қолдаймын! Бұл менің құқым. Мен келешекте Румыния мен Молдова мемлекеттері бірігуі мүмкін деген идеяға сенемін. Бұл ЕО шеңберінде жүзеге аса ма, әлде біз өзге жолын табамыз ба, оны уақыт көрсетеді. Күмәнсіз!

Румынияның көмегінің арқасында бүгінгі таңда Молдова аяққа нық тұрған мемлекет. Бұл шындық! Молдова Республикасында мен секілді өзге де румындар өмір сүріп жатыр. Тарихи әділетсіздік орын алған. Мен өткенді өзгерте алмаймын. Ал қазіргі сәт – өткен шақтың салдары ғана. Десе де, мен сіздермен бірге болашақты жасай аламын», - деді Чолаку.

Қысқа-нұсқа сөз етсек, 1918 жылы Румыния Молдова территориясына әскер кіргізген. Кишиневте құрылған Кеңес екі елді біріктіру бастамасын қолдап дауыс берген. Ал 1940 жылдың маусымында жаңа Молдованың жері Румыния құрамына енбеді. Ал былтыр Молдова ресми түрде молдован тілін румын тірі деп өзгертті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар