Өзбекстан билігі: Имамдар паспорттарын өткізсін!

Өзбекстан билігі Мұсылмандар діни басқармасына елдегі мешіт имамдары мен олардың орынбасарлары шетелге шығуға мүмкіндік беретін паспорттарын тапсыруды сұрауда. Бұл туралы «Озодлик» сайтына бірнеше өзбекстандық имамдар ақпарат берген. Саясаттанушылар Ташкенттің бұл әрекетін «Крокус ситидегі» лаңкестікпен және елдегі діни ахуалды бақылауда ұстауға тырысуымен түсіндіруде.


Узбекистан: как государству найти "золотую середину" в сфере религии? -  CABAR.asia

 

Ақпарат көздері Өзбекстан мешіттерінің имамдары 3-сәуірде шетелге шығуға рұқсат беретін паспорттарын жергілікті Мұсылмандар діни басқармасына өткізу керектігі жайлы хат алғанын жазуда.

 

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Эргаш Рустамов «Озодлик» радиосына мұндай хаттың шынымен де имамдарға жіберілгені туралы ақпаратты растады. Эргаш Рустамов «құжаттарды жинау арқылы имамдар туралы деректерді базаға енгізіп жатырмыз» дейді. Құжаттардың көшірмесін алғаннан кейін, кері қайтарып береміз деп отыр.

 

«Ресейдегі қайғылы оқиғалардан кейін Өзбекстанда дінге сенетіндер мен имамдарға қатысты бақылау күшейетін сияқты. Міне бірнеше күн бойы бізді Мұсылмандар діни басқармасына құжаттарымызды беруге мәжбүрлеуде. Құжат беруден бас тартқандарды жұмыстан шығарамыз деп отыр. Негізгі себебі олар имамдарды шетелге шығаруды шектемек», - дейді атын атаудан бас тартып, анонимді негізде «Озодликқа» пікір білдірген Ташкент қаласындағы мешіттердің бір имамы.

 

Өзбекстанның Мұсылмандар діни басқармасының өкілдері имамдарды шетелге шығаруға шектеу қоймақ деген пікірмен келіспейтінін айтты. «Осы уақытқа дейін біздің басқарма бірде-бір имамның шетелге шығуына шектеу қойған емес. Мысалы Рамазан айында біз умраға баратын жұмыс тобына имамдарды қосу үшін тізімді жібердік, ал алдымызда үлкен қажылық келе жатыр. Жақында ғана біздің имамдар Оңтүстік Корея, Ресей және АҚШ-қа барып келді. Біз имамдардың шетелге шығу паспортын осындай сапарларға шығуға үнемі дайын тұру үшін жинадық», - деді МДБ өкілі.

 

2023 жылдың қыркүйегінде ел премьерінің қатысуымен Өзбекстандағы діни радикализмге қарсы әрекеттер талқыланды. Жиыннан кейін дін қызметкерлерін бақылауға алу күшейді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар