Стрелков соғысамын дейді. Путин жібере ме?

Украина шығысындағы сепаратистердің Бас қолбасшысы болған, бүгінде экстремизм бабы бойынша төрт жылға сотталып, Ресей түрмесінде отырған Игорь Стрелков (Гиркин) өз еркімен соғысқа қатысуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Стрелковтың қорғаушысы Александр Молохов мәлімдеді.


игорь гиркин стрелков - актуальные новости и публикации | hromadske.ua

 

15-мамырда Ресей соты Стрелковтың ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарайды. Апелляциялық шағымға Стрелковтың қорғаушысы сепаратистік ДХР құрамындағы әскери бөлімшелердің бірі сотталушыны өз құрамына қосуға дайын екендігін мәлімдеген құжатты қоса берген. Аталмыш бөлімше Стрелковты Ресей соты соғысқа жіберуге келіссе, оны взвод командирі етуге дайын екендігін де растады.  

 

Қорғаушы тарап Стрелковтың Ресей билігімен келісім жасасып, соғысқа аттануға құқығы бар екенін айтуда. Ресей заңнамасында экстремизм бабы бойынша сотталғандарды майдан даласына жіберуге тыйым салынған. Алайда «Стрелковқа қатысты бұл шешімді айналып өтудің жолы бар» дейді қорғаушысы. Ол үшін сот оны ақтауы тиіс немесе Ресей президенті сотталушыға рақымшылық жасауы қажет.

 

Игорь Стрелков Ресей билігі мен Қорғаныс министрлігін сынға алып, оларды ашық айыптаған болатын. Майдан даласындағы жағдайдың қиын екендігін жеткізіп, видео-фото дәлелдемелерді әлеуметтік желіге жүктеді. 25-қаңтарда Мәскеу соты оны төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның телеграм арнасындағы екі жазбасын экстремизм деп тапты. Бірінші жазбада Стрелков «Ресей билігі Қырымды Украинаға беруі мүмкін» десе, екінші жазбасында ол әскерилерге берілуі тиіс қаражаттың қолды болғанын жайып салды. Алайда желі қолданушылары Стрелковты аталмыш жазбалар үшін емес, Путинді айыптап, кінәлағаны үшін соттағанына сенімді. Стрелков істі болардың алдында телеграм арнасында және сұхбаттарда Путинді «қорқақ, қолынан іс келмейтін адам» дей отырып, «Ресейді Путин тағы алты жыл басқарса Ресей құлдырып, құлайды» деген еді. «Осы сөздері үшін оны істі етіп, жазалады» дейтіндердің қатары көп. Қазіргі уақытта сарапшылар «Путин Стрелковқа рақымшылық жасамайды және түрмеден ұрыс даласына жібермейді» деген пікірде.

 

Игорь Стрелков 2014 жылы Украина аспанында малайзиялық «Боинг» MH17 ұшағын атып түсіру ісіне қатысы бар деп танылып, Гаага соты бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Сепаратистік «ДХР-дің» қорғаныс министрі деген шенге ие болған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар