Түркия жаңа келіссөз ұсынды: Бұған Киев не дейді, Мәскеу не дейді?

Түркия Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін жаңа келіссөздер жобасын ұсынды.

1712848583217261.jpg

Түркия ұсынған жаңа келіссөздер жобасының құжаттары 2022 жылғы Ыстамбұл келіссөздері негізінде әзірленген. Яғни, «Ыстамбұл келіссөздерінде» қамтылған мәселелерге ұқсас жоба әзірленген.

Аталған құжат Киев пен Мәскеуге ендігі жіберіліп қойған. Алайда, тараптар әзірге бұл ұсыныстар туралы ресми мәлімдемелер жасаған жоқ.

Түркияның бұл жолғы ұсынған «бейбіт келіссөздерінде» Қытай мен Украина ұсынған жекелеген келіссөздер жобаларындағы талаптар ескерілмегені айтылуда.

Сонымен Түркия бұл жолы келесі ұсыныстарды жасапты:

1) Ресей мен АҚШ қандай жағдай болмаса да ядролық қару қолданбау туралы міндеттеме жүктейді. Сондай-ақ, «стратегиялық қару-жарақты шектеу» туралы келіссөздерді қайта жандандырады және келешекте аталған келісімнен біржақты шығу мүмкіндігін алып тастайды;

2) Ресей мен Украина соғысты осы жеткен жердегі майдан шебінде уақытша тоқтатады;

3) Украина елдің сыртқы бағдарын айқындау үшін 2040 жылы жалпыукраиналық референдум өткізеді. Аталған референдум халықаралық қауымдастықтың бақылауында өткізіледі және ол Украинаның барлық территориясында өткізіледі. Соның ішінде Ресей уақытша аннекциялаған территорияларда да референдум өтеді;

4) Ресей мен Украина «барлығына - барлығы» форматында тұтқын алмасады;

5) Ресей Украинаның ЕО-ға қосылуына қарсы болмайды. Украинаның НАТО-ға қосылуы туралы сөз мүлде қозғалмауы керек. Украина 2040 жылға дейін ешқандай әскери блокқа қосылмауы тиіс.

«Түркия ұсынған бұл «бейбіт келіссөздер» жобасын бірсыпыра Еуропалық саясаткерлер де қолдайды. Бұл келіссөз Жаһандық Оңтүстіктің жекелеген елдерін қолдау үшін де ұсынылады», - деп жазады БАҚ.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің ең ақырғы кездесуі 2022 жылдың наурызында Ыстамбұлда өткен. Ол кезде Ресей деелгациясын Путин көмекшісі Владимир Мединский, Украина делегациясын биліктегі «Слуга народа» парламенттік фракциясының жетекшісі Давид Арахамия басқарған.

Ресеймен келіссөздер жүргізу туралы жуырда Украина президенті Владимир Зеленский пікір білдіріп: «Біздің жауымыз – Путин. Осыған дейін Путиннің айтқандары мен жасағандары бір-біріне қайшы болған. Келіссөзді қай тақырып болса да жүргізуге болады. Мәселе – Путин уәдесінде тұра ма? Мәселе осыда», - деген еді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар