Бұғатталсын! Қырғызстан Тик-Токсыз қалды

17-сәуірде Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігіне қарасты Байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметі байланыс операторларына Тик-Ток әлеуметтік желісіне қолжетімділікті шектеу шараларын қолдану қажеттігі туралы хат жолдады. Бұл туралы Қырғызстанның цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап қырғыз БАҚ-тары жазды.


США примут решение о блокировке TikTok в ближайшие недели

 

Бұл сипаттағы хатты жазуға Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті себепкер болған. Артынша министрлік «Қырғыз Республикасында балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы» заңның 2-1 бабының сақталмауына сілтеме жасай отырып, аталмыш хатты жазған.

 

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тик-Ток желісінде қауіпті контенттерге жүйелі сүзгі жүргізу механизмдері жоқ екенін айтып, балалар үшін аса қауіпті екенін тілге тиек еткен. Әлеуметтік желіге шектеуді 18-сәуірге дейін енгізу тапсырылған.  

 

Қырғызстан Тик-Ток желісінің жұмысын шектеуге бұған дейін де талпынған болатын. 2023 жылдың қарашасында Қырғызстанның Мәдениет министрлігі желіні бұғаттау керектігі жайлы ұсыныс айтқан-ды.

 

18-сәуірде Қырғызстандағы Тик-Ток желісін қолданушылар парақшаларына кіруде қиындық пайда болғанын айтып, шағымданды. БАҚ беттері Қырғызстанның аталмыш желіні бұғаттауды бастағанын жазуда. Алайда мамандар «желіні толық бұғаттау мүмкін емес, көпшілік VPN арқылы кіретін болады» деген ойда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар