Алматы облысында 33 оқушы орамалын шешті

6.jpg


Алматы облысында мектепке ормал тағып, хиджаб киетін оқушылармен тиісті жұмыстар жүргізіле бастады. Бүгінгі күні 33 оқушы орамалын шешті. Қазір өңірде хиджаб мәселесіне байланысты білім басқармасы прокуратура және дінтанушы қызметкерлерімен бірлесіп ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мұндай шаралар өңірдің Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле аудандары мен Талдықорған қаласындағы білім шаңырақтарында жүргізілді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова оқушының орамал тағып келуі білім беру заңнамаларына, мектептің ішкі талаптарына қайшы екенін жеткізді. Прокуратура өкілдері ата-ана құқықтарынан құлағдар етіп, психологтар орамал оқушыларды екі жаққа бөліп, өзара психологиялық кедергі келтіретінін түсіндірді.

Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданындағы «Рахат» орта мектебінде бір үйдің екі оқушысы мектепке бұдан былай хиджабсыз келетін болды. Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы №45 мектептің ата-анасы да мамандардың түсіндіру жұмыстарын қолдап, Сәтбек Кенжебековтың екі қызы орамал тақпайтын болды.

 «Бұл жерде ата-аналардың да қоғамдағы жағдайға, мектеп тәртібіне түсіне қарай бастағанын атап өту керек», деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж. Сүлейменова.

Мұндай жұмыстар алдағы уақытта өңірдің басқа аудандарында да жалғасатын болады.



Ұқсас тақырыптар