Мал іздеп жүріп адасқан 5 адам құтқарылды

2.jpg

Қызылорда облысында далада қалған 5 азамат құтқарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Қызылорда облысының ТЖД кезекшісінен, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» жолының 234 шақырымынан солға қарай шамамен 10 шақырым жерде КамАЗ автокөлігі батпаққа батып, ішіндегі 5 адам далада қалғаны жөнінде және бір адамға дәрігерлік көмек қажеттілігі туралы хабарлама түсті.

Жасақтың 4 құтқарушысы мен «АМО» Қызылорда филиалының 1 дәрігерінен тұратын топ жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» көлігімен шұғыл жолға шықты. Арада 5 сағат уақыт өткеннен кейін құтқарушылар даладан бетіне мұз қатқан су ортасында батып тұрған КамАЗ  автокөлігін тауып алды. Ішіндегі Қызылорда қаласының 5 тұрғыны мал іздеп жүріп батып қалған. Екі күн далада азақ-түліксіз, тоңған азаматтардың біреуі суық тиіп ауырған. Құтқарушылар дереу оларға су өткізбейтін Л-1 костюмдерін кигізіп, іші жылы өз көліктеріне отырғызды. Екі күн тамақ ішпеген азаматтарға тамақ пен ыстық шай берілді. Суық тиіп ауырған азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Олар аман-есен Қызылорда қаласына жеткізді.

1.jpg 



Ұқсас тақырыптар