Өскеменде жер үйлер мен қаланың шеткі аймақтарын су басып жатыр

1.jpg


Өскеменде жер үйлер мен қаланың шеткі аймақтарын су басып жатыр, деп хабарлады tengrinews.kz порталы Yk-news.kz сілтеме жасап.

Порталдың мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 26 участок қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар, қалада жедел штаб құрылған.

"Таудан келіп жатқан қызыл судың ағыны жоғары, күзде тазартылған арықтардың шамасы келмей жатыр. Үйлер мен аулаларға су кірді. Бір тәуліктен асты, біз тоқтаусыз жұмыс істеп, суды сорып, дренаждап жатырмыз, толассыз жауған жауын да жағдайды қиындатты. Желіде 6 бригада, екі өзі жүретін мотопомпа, 5 қозғалмалы мотопомпа бар. Суды өткізіп тұратын құбырларды жуу жұмыстары жүріп жатыр", - деді "Өскемен Тәртіп" басшысы Тамара Рақымжанова.


Қаладан шеткері орналасқан Красина, Куленовка, Шмелев, Ахмерово, Самсоновка, Аблакетка, Мирный ауылдарын да су басты. Қазір "Өскемен-Тәртіп", "Өскемен-Водоканал", "Өскемен Тепловые сети" мекемелерінің ортақ күшімен суды сору, топырақ себу және қаптарды қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Самсоновка өңірінде су тасқыны салдарынан шамамен 10 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар, қаланың орталығындағы көшелерде де жағдай мәз емес. Жолдар шалшық, қазір "Өскемен-Тәртіп" қызметкерлері суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2.jpg


Ұқсас тақырыптар