Scat әуе компаниясының ұшағы Астанадан Египетке ұша алмады

3.jpg


Астанада Scat әуе компаниясының ұшағы техникалық себептермен Египетке, Шарм-эль-Шейх курорттық аймағына ұша алмады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Scat компаниясының хабарлауынша, ұшу алдында әуе кемесін дайындау кезінде қосымша қызмет көрсету қажеттілігі туындаған. Компания мұндай жағдайдың кез келген әуе компаниясында кездесетінін атап өтті. 

«Жолаушыларды ұзақ бөгемеу үшін ұшақты өзге бортқа ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Өзге қалалардан келген жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Жергілікті жолаушылар үйлеріне қайтарылды, ұшаққа кешікпеу үшін оларға алдын ала хабар беріледі», - деп хабарлады Scat.

Әуе компаниясының хабарлауынша, қазір Египетке жіберілетін өзге ұшақ әзірленуде. Бұл біршама уақытты қажет етеді.



Ұқсас тақырыптар