Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

3.jpg


Алматыда Mercedes пен №38 автобус соқтығысып, 7 жолаушы жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Абай мен Саин көшесінің қиылысында болған.

Куә болғандардың айтуынша, автобус Саин көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатқан. Қоғамдық көлік бағдаршамның жасыл жарығына өте бергенде, оны сол жақ бүйірден Мерседес кеп соққан.

Жеңіл көлік бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кеткен. Қатты соққыдан Mercedes жарнама бағанына соғылды. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі ауыр халде жатса, автобустың 7 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының себептерін полиция анықтап жатыр.


4.jpg



Ұқсас тақырыптар