Уәкіл: ОҚО-дағы "7 жастағы баланы зорлау" ісі бақылауға алынды

8.jpg


Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) "жеті жастағы баланы зорлауға" қатысты жағдайды бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Уәкіл бспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде ОҚО Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы жеті жастағы баланы "жоғары сынып оқушыларының ұрып, зорлағаны" туралы істі тергеудің ұзаққа созылғанына алаңдайды. Уәкіл мекемесі тергеуді созып жіберу "оқиғаны әрқилы етіп түсіндіруге және кәмелетке толмаған баланың құқығын қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдамауға себеп болатынын айтады.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл зардап шеккен балаға қажетті көмек көрсетуді маңызды деп біледі. Уәкіл осыған байланысты Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетіне жағдайды бақылауға алу туралы сауал жолдаған.

Бұған дейін ОҚО-ның 62 жастағы тұрғыны өзі тәрбиелейтін, Абай ауылында бірінші сыныпта оқитын балаға "жыныстық зорлық жасалғанын" мәлімдеген еді.

Облыстық ішкі істер департаменті 12 наурызда Сарыағаш ауданында жеті жастағы баланы мектеп оқушыларының ұрып, зорлағаны туралы ақпаратқа қатысты Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Кәмелетке толмаған балаға топ адамның бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық көрсетуі") қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлаған.



Ұқсас тақырыптар