Грузиядағы курорттардың бірінде төтенше жағдай болды

1.jpg


Грузияның Ішкі істер министрлігі Гудауридегі аспалы жолда 10 адамның зардап шегуіне байланысты тергеу шараларын бастады, -деп хабарлады tengrinews.kz порталы Грузия Online-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Гудаури таушаңғылы жолының аспалы жолы апатты жағдайда тоқтап, кері қарай жүре бастаған. Оқиға салдарынан 10 адам орта және ауыр деңгейдегі жарақат алған.


Оқиға орнына шаңғы патрулі, жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді Гудауридегі амбулаторияға жеткізеді. Ал қажет болған жағдайда оларды ауруханаға жеткізу қарастырылған. 

Грузиядағы таулы курортты дамыту компаниясы науқастардың еміне жұмсалатын барлық шығынды көтеретіндерін айтты. 

Гудаури Грузиядағы ең танымал таушаңғылы курорттарының бірі.



Ұқсас тақырыптар