Ұзынағашта қаныпезер бір отбасын ойрандап кетті

8.jpg


Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы жеке үйде үш әйелді өлтіріп кетті.   

Әйелдердің мәйіті 25 наурызда табылды. Олар бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмған.

 Барлығы бір отбасының мүшесі болған: 88 жастағы кейуана, оның 51 жастағы қызы және 24 жастағы жиені.  

"Кісі өлтіру қылмысы болғанын растаймын. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды", — деп түсініктеме берді Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

 

Дереккөз: sputniknews.kz


Ұқсас тақырыптар