Қалыңдығынан күдіктенген жігіт оны таспен ұрып өлтірген

photo_1747.jpg


Дағыстанда қалыңдығын өлтірді деген күдікке ілінген 25 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды,  – деп хабарлады sputniknews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрда жігіт трассада жатқан қыздың басынан үлкен таспен ұрып жатқаны көрінеді. Дәл жанынан такси өтіп кетеді, ондағы адамдардың ешқайсы көмекке келмеген.

 РИА Новости республиканың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, ер адам қыздан опасыздық жасады деп күдіктенген. Марқұм күдіктінің қалыңдығы екені белгілі болды.     

Тергеу мәліметі бойынша, қанды оқиға Хасавюрт қаласында өткен аптаның сенбісінде болған. Денесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйіті жолдан табылған. 

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Хасавюрт қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Дереккөз: qasym.kz



Ұқсас тақырыптар