Алматыда ашық тұрған люктің салдарынан автокөлік аударылды

2.jpeg


Алматыда ашық тұрған люктің салдарынан автокөлік аударылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Nissan бар жылдамдығымен келіп, дөңгелегі люкке түсіп аударылған. 


3.jpeg


Жол апаты салдарынан Nissan жүргізушісі зардап шекті. Әр түрлі дене жарақатымен ол ауруханаға жеткізілді.


4.jpeg


Дереккөз: Тengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар