Сирияның қақтығыс аймақтарында 65 атыраулық бала бар

6.jpg


Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарында Атырау облысынан әкетілген 65 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Атырау облысынан əртүрлі бағыттармен 14 отбасы Сирияға кеткен.  Олардың кейбіреулері өздерімен бірге балаларын да алған. Соңғы нақтыланған деректерге қарағанда, аталған аймақтың әскери қақтығыс алаңдарында  Атырау облысынан әкетілген 65 бала бар. Олардың 34 мектеп жасында болса,31-і мектепке дейінгі кезеңде», - деді Атырау облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Қайролла Көшқалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде.



Ұқсас тақырыптар