Алматыдағы «Апорт» молында «Miami Aquapark» аквасаябағы ашылды

1.jpg


Еліміздегі ең ірі «Апорт» молы Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа жобаларымен өз қонақтарын қуантып отыр. Енді «Апорт» молының жалпы ауданы 210 000 шаршы метрден асады.

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген жаңаланған «Апорт» молы 2018 жылдың 6 мамырынан бастап қонақтар мен алматылықтарға арнап демалыс пен сауданың эксклюзивті форматын дайындап отыр.

Молға келген қонақтарға «Магнум» желісі ішіндегі ең кең тауар түрлерін сататын «гипер» форматындағы Қазақстандағы ең ірі «Магнум» ұсынылады.

Қазақстандықтардың кең сүйіспеншілігіне бөленген Respect, Rieker, Ostin, «Твое», «Спортмастер», SMAN, Glasman сынды брендтер де қонақтарды құшақ жая қарсы алмақ, ал «Детский мир», Kari, Kari Kids, «Евромебель», Gloria Jeans, «Технодом», Colins, FLO, «Сулпак», LC Waikiki, Koton, Defacto сынды брендтер жаңаланған ірі форматта қызметтерін көрсетеді.

Mohito, Cropp, Sinsey, Haus, Reserved брендтері аясында жұмыс жасайтын дүниежүзіне белгілі LLP компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет өз өнімдер топтамасын 2018 жылдың қыркүйегінде тек «Апорт» моллында ғана ұсынатын болады. LPP компаниясына тиесілі Еуропадағы ең үздік жаңа бес бренд заманауи ритейлде жұртшылықтың зор қызығушылығын тудыратын ерекше брендтер саналады.

«Апорт» молына көршілес орналасатын дүниежүзіне әйгілі француздық Leroy Merlin бренді болса, үйге арналған тауарлар гипермаркетін Қазақстанда тұңғыш мәрте осы жазда ашқалы отыр.

Әлемдік деңгейдегі сапалы әрі қолжетімді өнімдер «Апорт» молының қонақтарын әлбетте қуанышқа бөлемек!

Еліміздегі тұңғыш дүкендерін «Апорт» молында ашқан еуропалық, түрік, ресейлік брендтер бұрынғысынша молдың алдыңғы қатарлы жалгерлері ретінде өз қызметтерін жалғастырады. Олардың қатарында Ostin, LC Waikiki, Koton, Kari, DeFacto, «ТВОЕ», FLO, Miniso, «Детский мир», «Спортмастер», Sman, Glasman, Kari Kids сынды тағы да басқа көптеген «ізашар» брендтер бар.

Еліміздегі ең ірі «Апорт» молы әлеуметтік маңызға ие жобаларды қолдауға қашанда дайын. Сол себепті 2018 жылдың жазында молдың 5 гектарлық аумағында спорттық алаңдары, демалыс аймақтары, жасанды көлі және амфитеатры бар мәдениет және демалыс саябағының құрылысы басталады. Бұл саябақ молл қонақтарына бүкіл отбасымен демалысты қызықты өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін толықтай тегін қызмет көрсетеді.

Еліміздегі ең ірі халықтық «Апорт» молы қонақтар өз уақытын жайлы өткізуі үшін 5000 көлікті сыйдыра алатын автотұрақты ұсынады, сондай-ақ, қалаға және қала шетіне қатынайтын 20-дан аса автобустық бағыт іске қосылмақ. Бұл бастама Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесе отырып дайындалды.

Сондай-ақ, бүгін еліміздегі ең ірі «Апорт» молында жаңа форматтағы концептуалды бірқатар нысандардың тұсаукесері өтті. Олардың қатарында келесілер бар: бүкіл отбасыға арналған «Funky World» ойын-сауық саябағы, ең үлкен SPA орталығымен жабдықталған (ауданы 2000 шаршы метр) Орталық Азия және ТМД аумағындағы ең ірі «Miami Aquapark» аквасаябағы, «махаббат баспалдағы» және «тілектер фонтаны» орналасқан нағыз италиялық Пьяцца алаңында Food Gallery мейрамханалар галереясы.

 «Miami Aquapark&SPA» және «Funky World» саябақтарының салтанатты тұсаукесері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр.

 

«Miami Aquapark & SPA»

Барлық маусымда қызмет жасайтын «Miami aquapark & SPA» кешеніне ауқымы мен форматы жағынан Орталық Азияда тең келер ешбір жоба жоқ.

Жалпы ауданы 25000 шаршы метрден асатын аквасаябақтың ішіндегі Қазақстандағы ең үлкен SPA орталығы (23000 шаршы метр), «Hawaii-дегі» бассейнге қарағанда төрт есе үлкен толқынды теңіз (1860 шаршы метр) қонақтардың көңілін жаулайтын басты қызыққа айналмақ. Жазғы аквасаябақта баллондарда сырғанауға болатын «Ағысы баяу өзен» аттракционы жұмысын бастайды. Жаңа SPA кешенінде қонақтар  косметологиялық, релаксациялық қызметтердің барлық түрлерін пайдаланып, моншада рахаттанып демала алады. Әртүрлі тақырыпта безендендірілген кең моншалар, сауналар, бірегей декор элементтерімен әшекейленген хамамдар саябақтың ішіндегі көз тартар орындар саналады. Ең қызықты, сәнді әрі озық технологиялардың барлығы біздің кешеннің концепциясында қамтылған. Сондықтан  «Miami aquapark & SPA» әлемдік стандарттарға сай келетін кешен болады.

 «Hawaii» аквасаябағының көп бөлігін балаларға арналған суда ойнайтын қалашық алып жатқаны белгілі. Сондықтан «Miami-дің» екінші аквасаябағы көбінесе ересектерге арналады.

 «Miami aquapark & SPA» кешенінде суды дайындайтын арнайы бөлімі бар, онда 12 адам қызмет жасайды. Суды бассейнге ағызбай тұрып, ол әбден дайындалады. Кейін әр сағат сайын су ультрафиолет, құммен сүзгілеу сынды заманауи тазалағыш жүйеден өтеді, оңтайлы PH деңгейі сақталады. Аквасаябақ Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханасымен шартқа отырған, су ай сайын тексеруден өтіп тұрады. Бізге бүкіл талаптарға сай келетінін растайтын сертификаттар берілген.

Соған қарамастан бағалар қолжетімді болатындай деңгейде қалады! Біз адамдардың өз күндерін жақсы әрі мәдени түрде демалып өткізгенін қалаймыз. Қазір «Miami aquapark & SPA» кешеніне арнап керемет шегерімдерді және бонустарды беретін ұсыныстар дайындалып жатыр. Біздің басты тілегіміз – қазақстандықтар демалыстарын есте қаларлықтай жарқын мерекелік көңіл күйде өткізсе дейміз!

 

2.jpg


Food Gallery

Италиялық Пьяцца алаңындағы мейрамханалар галереясы - Италияның көркем сәулеті мен заманауи үлгіде безендендірілген асүй аймағын ерекше үйлестіре білген жоба.

Қонақтар италиялық, америкалық, жапониялық-паназиялық, шығыс, кофейня сынды бес басты концепцияның ішінен өз талғамына сайын таңдай алады.

1000 шаршы метрден аса аумақты алып жатқан футкорт 100-ден аса адамды жұмыспен қамтамасыз етпек.

 Отбасыға арналған Қазақстандағы ең ірі Funky World саябағы

Ойын-сауық сегментіндегі тағы бір жаңа флагман - отбасыға арналған Funky World саябағының ауданы 4 мың шаршы метр, биіктігі 10 метр құрайды.

Funky World ойын-сауық саябағының жаңа концепциясы Қазақстан нарығы үшін бірегей саналады:

1. Италиядан әкелінген заманауи әрі қауіпсіз аттракциондарымен және

2. АҚШ, Жапония, Англиядан әкеінген соңғы үлгідегі ойын автоматтарымен жабдықталған;

3. саябақ әртүрлі жастағы балаларға арнап арнайы аймақтарға бөлінген;

4. көз жауын алатын ерекше декорациялармен безендендірілген.

Саябақ аумағында америкалық төбешік, құлау мұнарасы, шолу дөңгелегі, отбасылық шынжырлы әткеншек, жануарлар әткеншегі, секіретін күшіктер, 8 қабатты  лабиринт/ясли, батут орталығы және т.б. қызықты ойын-сауық түрлері бар.

Сондай-ақ, ойын-сауық саябағының аумағында балаларға арналған Funky Lab мейрамханасы қызмет көрсетеді. Мейрамаханада аниматорлардың қатысуымен туған күндерді, әртүрлі іс-шараларды отбасыңыздың және достарыңыздың ортасында өткізуге болады. Funky Lab мейрамханасында балалар өздері сүйіп жейтін сан алуан тағамдардан дәм татып қана қоймай, сонымен бірге, оларды өзі дайындай алады. Funky Lab – еліміздегі ең ірі «Апорт» молдағы балаларға арналған тұңғыш мейрамхана.

Саябақта 70-тен аса жұмыс орны құрылады.

Саябақ ашылған алғашқы күндері балалар үйіндегі бүлдіршіндерге, жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға арнап қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады.



Ұқсас тақырыптар