Үкімет коммерциялық банктерге тағы 200 миллиард теңге бөлгелі жатыр

5.jpg


Еліміз екінші деңгейлі коммерциялық банктерді тағы да жарылқағалы жатыр. Бұл жолы көмек ретінде 200 миллиард теңге бөлінбек. Ал, қыруар қаржы Бірыңғай зейнетақы қорынан аударылады. Бірақ, Ұлттық банк төрағасы салымшыларды алаңдамауға шақырды, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Өйткені, қарыз ақша тек, сенімді банктерге ғана беріледі. «Көрсеткіші нашар» деп бағаланған қаржылық ұйымдарға көмек көрсетілмейді дейді Ақышев. Сондықтан жұрттың «қартайған шағыма» деп жинаған ақшасы толық қайтарылатынына сенімді. Оның үстіне миллиардтарды алу үшін қаржы ұйымдары өзінің облигацияларын Ұлттық банкке кепілдік ретінде беруі тиіс. Егер банктер берешегін қайтара алмай жатса, мемлекет оның құнды қағаздарын сатып, ақшаны қайтарып алады екен. Ал, қарыз қаржыны банктер шағын және орта кәсіпке және қарапайым тұрғындарға несие ретінде таратуы тиіс. Десе де Ұлттық банктің талай рет аузы күйгені есте. Мәселен, зейнетақы қорының 70 миллиард теңгесін Әзірбайжан банкіне аударып дауға қалған. Коммерциялық банктерге бюджеттен бөлінген 3 триллион теңгенің де берекесі болған жоқ. Тіпті кейбірі әлі берешекті қайтара алмай, банкроттың алдында тұр.



Ұқсас тақырыптар