Apple мен Volkswagen компаниялары бірігіп көлік жасап шығармақ

2.jpg


Жүк тасымалдауға арналған Volkswagen Transporter T6 фургоны енді қашықтықтан басқарылатын болады. Cондай-ақ, ол негізінен Apple қызметкерлерін таситын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық Apple компаниясы Volkswagen неміс концернімен жүргізушісіз басқарылатын алғашқысының қызметкерлерін тасымалдауға арналған автомобиль жасап шығару туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.

Дәлірек айтсақ, қос компания жүк тасымалдауға арналған Volkswagen Transporter T6 фургонын жүргізушісіз басқарылатындай етіп шығармақ. Жобаға сәйкес, бұл автомобиль Apple қызметкерлерін тасымалдауға арналады.

Басылым дереккөзінің хабарлауынша, Apple осы уақытқа дейін жүргізушісіз басқарылатын электромобильдер жасап шығару жобасын BMW мен Mercedes-Benz сынды компаниялармен жүзеге асырмақ болған еді. Бұл компаниялардың өкілдері Apple ұсынған талаптарды орындай алмайтындарын айтқан. Себебі, Apple көлік дизайнын өзі ойластырғысы келген.



Ұқсас тақырыптар