Пекин мен Вашингтон арасында сауда соғысы басталды

5.jpg

Екі держава арасындағы сауда соғысы шарықтау шегіне жетті. АҚШ-та Қытай тауарларына салынатын баж салығы туралы жарлық күшіне енді. Ақ үй басшысы Дональд Трамптың мәлімдеуінше, құны 34 миллиард доллар тұратын тауарға белгіленген баж салығының көлемі соның 25 пайызына тең.

Трамптың қаһарына іліккен 800-ден астам тауардың тізімінде смартфон, теледидар және компьютерге қажетті электроника құралдарды бар. Ақ үй басшысы «Қытай америкалық технология мен интеллектуалдық меншікті жымқыруда» дейді. Алайда, ресми Пекин АҚШ-тың бұл қадамын қатаң айыптады. Қарсы жауап ретінде Америкадан жеткізілетін ауыл шаруашылық өнімдеріне санкция қоймақ. Сондай-ақ АҚШ-тан әкелінетін көліктерге де қатысты. Бұл санкцияның салқынын Германия да сезінуі мүмкін. Өйткені Америкада құрастырылатын неміс машиналары үлкен көлемде Қытайға экспортталады. Бірақ, Дональд Трамп егер Қытай тарапы қарсы іске кіріссе, баж салығы салынатын тауар құны 50 миллиард долларға жететінін айтқан болатын. Ал, сарапшылардың пікірінше, жаһандық сауда соғысы басталса халықаралық сауда-саттық көлемі 70 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.



Ұқсас тақырыптар