7-20-25 бағдарламасы бойынша 10 млрд теңгенің несиесі мақұлданды

1.jpeg

7-20-25 бағдарламасы бойынша 10 млрд теңгенің несиесі мақұлданды. Бұл жайында «Баспана» ипотекалық ұйымының Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков Алматыда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма төрағасының айтуынша, 7-20-25 бағдарламасына тұрғындардың сұранысы жоғары.

«Ұлттық банк Президенттің 7-20-25 тапсырмасын іске асыруға кіріскенін білесіздер. 4 шілдеден бастап ол бағдарлама жұмыс істей бастады. Осы 1,5 айдай уақыт аралығында банкке 15 млрд теңгелік несиеге тапсырыс келді. 10 млрд теңгенің несиесі мақұлданып, берілуге дайын», - деді ол.

Сонымен қатар ол, бұл бағдарламаны іске асыруда үлкен төрт банк несие беріп жатқандығын және алдағы уақытта олардың қатары тағы бір банкпен толығатынын жеткізді.

«Банкцентркредит, РБК банкі, АТФ және Цесна банкі несие берумен жұмыс істеп жатыр, осы аптада Еуразиялық банк те осы жүйеге қосылып, несие бере бастайды», - деді ол.

Қ.Алтынбеков бұл бағдарламаның пәтер жалдап тұрыпжатқан тұрғындар үшін өте қолайлы екенін айтып өтті.

«Мысалы, Алматы қаласынан 12 млн теңгелік пәтерді алу үшін оның 2 млн-дық алғашқы жарнасы болу керек, 10 млн теңгені 25 жылға береміз. Сондағы төлем айына 71 мың теңгеден айналады. Бұл тұрғындар үшін өте қолайлы, өйткені олар пәтер жалдаса да шамамен сондай қаражат төлейді. Осы бағдарлама аясында 1 трлн теңге бес жыл ішінде беріледі. Бұл 100 мың қазақстандықтың үй алуға жағдайы болат деген сөз», -деді ол.



Ұқсас тақырыптар