Осы жылдың І-жарты жылдығында елімізге 215 801 турист келген

фото с брифинга 2.jpg

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы  Қиқымов Мақсат Сәкенұлы айтты. 

Оның айтуынша, туризм саудамен, өнеркәсіппен, қаржы секторымен, құрылыспен, көлікпен қатар экономика драйверлерінің бірі және халықты барынша жұмыспен қамтудың айрықша бір көзі болып табылады.

Осыған байланысты, бүгінде Туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының жобасы  әзірленген, оны туристік сала субъектілері қызу талқылауда  және 2019 жылдың 1 қаңтарында  бекіту  жоспарланып отыр.

Өздеріңізге мәлім, әлемнің көптеген елінде туризм ЖІӨ-нің өсуіне елеулі үлес қосады. Сонымен қатар әлемдік туризм индустриясының жиынтығы әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ын  қалыптастырады және  әрбір 11 жұмыс орнын құрады. Дағдарыс кезінің өзінде туризм жыл сайын 4-5% өседі.

Бүгінде барлық келушілердің бесінші бөлігі (іштегілерді қоса алғанда) және 40% шетелдіктер Алматыға келетінін айта кету керек. Мегаполис «Economist Intelligence Unit» рейтингі бойынша  өмір сүру үшін ең арзан қалалар тізімінде      3-орында тұр. Соңғы үш жылда  туристер саны  орта есеппен  алғанда 14%-ға, ал өткен жылы - 20%-ға өскен (Универсиада және ЭКСПО  арқасында).

2017 жылы әуежай арқылы қалаға шамамен 508 мың турист келген, маусымдылықты  есепке алмағанда, бұл айына  42 мыңнан аса туристі қамтиды. Европадан және Азиядан келген шетел туристерінің басым бөлігі, яғни шамамен 60%-ы тұмса табиғат ортасы ретінде Алматыны таңдайды, қазақстандық туристердің 55%-ы мұнда түрлі ойын-сауықтардың болуы себепті жиі келеді.

Туристер санының өсуімен бірге жайғастыру орындарына келушілер санының да артуы байқалады. Мысалы, 2018 жылдың 1-тоқсанының  қорытындысы бойынша, жайғастыру орындарына келушілердің жалпы саны 215 801 келушіні құраған (2017 жылдың 1-тоқсанында – 212 541), оның  29% – туристер. 

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1-тоқсанында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төсек-орынның жалпы саны 13,5%-ға өсіп, 16 133  құрады (2017 жылдың  1-тоқсанында – 14 205), бұл қаланың бір  мезгілде 16 мыңнан аса туристі қабылдауына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар TripAdvisor әлемдік платформасындағы дестинация ретінде Алматы қаласына қызығушылықтың артуы байқалады. Алматы микро-сайтына негізінен Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және Германия азаматтары кіреді. Экотуризмге барынша қызығушылық байқалады. 

Бүгінде Алматы экономикасының 87% – қызметтер көрсету. Бұл орайда қалада туристік бизнес жүргізу үшін қолайлы  жағдай  жасалған.

Сонымен бүгінде Алматыда 150-ден астам туризм нысандары, 15,5  мың орындық 180-нен астам қонақ үйлер мен хостелдер, 1300 туристік ұйым, 2000-нан астам жоғары деңгейлі сервис ұсынатын кафе мен мейрамханалар жұмыс істейді. Жыл сайын бұл сан өсуде. Тек осы жылдың өзінде әлемдік деңгейдегі 2 қонақ үй, оның ішінде Hilton, Novotel қонақ үйлерін, сондай-ақ 50 шақты кафе мен мейрамхана  ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бүгінде туризм Алматының ЖӨӨ құрылымында небәрі 1,5%-ды құрайды.

Сондықтан ағымдағы жылы 2020 жылға дейін «туризмді дамытудың 100. қадамы» кешенді қалалық жоспары келесі бағыттар бойынша  бекітілген-деп атап өтті басқарма басшысы М.Қиқымов.



Ұқсас тақырыптар