Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдауы мүмкін

1.jpg

Қазақстан 2019 жылы Әзербайжан арқылы мұнай мен газ транзиті мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Әзербайжан Республикасының Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствода түсіндіргендей, Қазақстан – Әзірбайжан елдерінің қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін Әзербайжан аумағы арқылы транзиті жөніндегі жұмыс тобының отырысында тараптар Қазақстанда өндірілген сұйылтылған табиғи газды Каспий теңізі бойынша Әзербайжанға жеткізу және тасымалдауды талқылаған.

«Қашаған кен орнында өндірілетін мұнай болашақта Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыр желісі арқылы тасымалданатын болады», - деді Қазақстандағы энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс барысында энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар ұсыныс жасалды.


Ұқсас тақырыптар