«Ақ керуен – 2018»

Жылдағы дәстүр бойынша Түркістан облысының Жетісай және Мақтарал аудандарында «Ақ керуен – 2018» шарасы өтті. Аталған шараға өңірдің диқандары мен мақта өңдеу зауытының басшылары, сондай-ақ аудан әкімдері қатысты. 

Аудан басшыларының мәліметінше биылғы мақта түсімі жаман емес, гектарына 25-29 центнерден өнім жинау көзделуде. Оның үстіне биылғы жылы көрші ала тақиялы ағайындардан келетін судан да тапшылық болмапты. Кеңестік кезеңнен қалған мақта егістіктерін химиялық жолмен өңдеуден бас тартып, биологиялық өңдеу әдісін жүргіздік дейді өңір басшылары. Алайда диқандарды алаңдатқан баға мәселесі екен.

ак керуен.jpg

Ералы ҚУАТ, мақта өсіруші:

Әрине, әркім өз еңбегін жоғары бағалайды ғой. Кеткен шығын мен еселі еңбектің өтеуі болса екен дейміз. Өйткені биылғы мақтаның әр келісіне деген баға 170 теңгеден көтерілмей тұр. Көктемгі егіс науқанында біраз шығындалдық, жаз бойы күтіп-баптадық, күзгі жиын-терімде де көп күш шығардық. Мұның бәрі қып-қызыл ақша. Сондықтан баға әлі де болса көтерілетін шығар деген үміттеміз. Міне осында аудан басшылары да, мақта өңдеу зауытының жетекшілері де жүр ғой. Осы кісілерге өтініш қыламыз, біздің еңбегімізді бағаласа екен. 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар