Қазақстан астығы қар астында қалмай ма?

комбайн.jpg

Қазақстаннан астық сатып алатын елдердің картасы биыл да өзгермеді. Италия, Иран, Ауғанстан және көрші Қытай елдеріне биылғы жоспарланып отырған астық экспорты 9 млн тонна.

Шаруалар жалпы жиыны шамамен 20 млн тонна астық жинайды деп күтілуде. Солтүстік өңір жауынды-шашынды болғандықтан судан таршылық көрмеді. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге арзандатылған жанар-жағармай да бөлініпті. Көлемі 394 мың тонна. Бұл жетпесе әр облысты бір-бір мұнай зауытына тапсырып, кесте бекітіп, нақты қадағалап отырмыз дейді ауылшаруашылығы министрлігіндегі жауапты тұлғалар. Биылғы жылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жұмыстарын қолға алу нәтижесінде бидай алқабының көлемін қысқартып, есесіне майлы дақылдарды көлемін ұлғайтуға басымдық берілген болатын. 

Ауылшаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ақпар Мәуленовтың мәліметінше, соңғы күндердегі қолайсыз ауа райы қолбайлау болып, жиын-терімге кедергі келтіруде екен. Сол себепті астық жинау кезеңі қазанның соңына дейін созылып кетуі мүмкін. Астықты өңір саналатын Павлодар мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қостанай облыстарында қолайсыз ауа-райы жұмыстың қарқынды жүруіне мүмкіндік бермей отыр. Осының салдарынан 15 млн аумақтан жиналуға тиісті астық өнімдерін жинау науқаны қазіргі таңда тоқтап тұр. Алайда министрліктің жауапты мамандары ауа-райы тұрақтанғанда егін ору жұмысы қалыпты жұмыс кестесіне көшеді деп сендірді.

mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар