Ауыл шаруашылығына арзан несие беріледі

Ауыл шаруашылығын дамыту, өндіру, өңдеу, сыртқа экспорттаумен айналысатын кәсіпорындарды пайызы төмен кредитпен қаржыландырып, аграрлық саланың дамуына көмек көрсету бойынша еліміздегі банктер атсалысып келеді. Кеше Астанада өткен брифингте «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Николай Мещеряков банк аграрлық саланы қаржыландыруды одан ары бұрынғыдан да тиімді бағытта қаржыландыратынын айтты. Бұл туралы mezgil.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

20180528221713.jpg

«Банктің жаңа жұмыс кестесінде ауыл шаруашылығын өнімдерін өндірушілерді қолдау қарастырылып, оның нақты жобасы бекітілді. Біз ауылшаруашылығы министрлігі мен Үкіметтің бағдарламалары аясында біріге отырып, жұмыстарын табысты жүргізіп отырған компаниялардың кредиттік жүктемесін азайта түсеміз. Яғни, бұрынғыдан төмен процентпен несие береміз. Бұл жолы ұлттық валютамен кредит беруді бекіттік. Себебі, басқа валютамен берілген кредиттер ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың жұмысына айтарлықтай салмақ түсірді. Салдарынан олардың жұмысы қиындай түсті. Бұл шешім ауылшаруашылығы саласының дамуына оң ықпал етеді», - деді ол.

Соңғы жылдары аулшаруашылығы саласын мемлекеттік тұрғыдан дамытуға үкімет көп көңіл бөле бастады. Еліміздегі екінші деңгейлі банктер тиімді кредиттер ұсынып, ауылшаруашылығы министрлігі түрлі субсидиялар беріп келеді. Президент Назарбав ауылшаруашылығын жан-жақтылы дамыту – ел экономикасының артуына оң ықпал етеді, сондықтан бұл саладағы қаржыландырудың тиімді жүйесін жетілдіру керек деген болатын.



Ұқсас тақырыптар