Алматыда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Астана. BAQ.KZ. Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 418 700 теңге болып тұр. Бұл туралы kn.kz сараптамалық қызметі хабарлайды.

Бір апта ішінде тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 2% қымбаттаған. Сондай-ақ тұрғын үйдің де орташа құны 1,4% қымбаттады.

Нарық мониторингі қазіргі уақытта Алматыдағы пәтер бағасы орташа есеппен 35,004 млн теңге екенін көрсетті. 1 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 14 277 000 теңге болса, 2 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 22 936 000 теңге. 1 және 2 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 4% қымбаттаған.

«Қымбат» тұрғын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы 603 000 теңге болса, «арзан» тұрғын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы 309 000 теңге.



Ұқсас тақырыптар