Мал шаруашылығы мұнай саласымен теңеседі

IMG_7089.JPG

Бүгін Agri-Food Forum 2018 аясында Алматыда «Қазақстандағы мал шаруашылығының келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Пікірталас алаңы Қазақстанда экспортқа бағдарланған заманауи мал шаруашылығын дамытуға көмектесу мақсатында құрылды. Іс-шара ұйымдастырушылары - Kusto Group құрамына кіретін Kazbeef Ltd. компаниясы және Iteca халықаралық көрме компаниясы.

Пікірталас кезінде қатысушылар Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайын қарастырып, республикадағы аграрлық азық-түлік секторын дамыту келешегі мен тұғырын, әлемдік трендтерді ортаға салып, қазақстандық және халықаралық компаниялардың инновациялық агротехнологияларды қолдану бағытындағы бизнес-кейстерімен бөлісті, қазақстандық компанияларды әлемдік нарықтарға шығару келешегін талқылап, сала үшін басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Осыған орай KazBeef Ltd. Директоры Бейбіт Ерубаев былай деп атап өтті: «Қазақстандағы мал шаруашылығы ауқымы мен маңыздылығы жағынан ел экономикасы үшін мұнай саласының деңгейінде өсуге бүкіл мүмкіндігі мен әлеуеті бар. Тіпті теңеседі. Ол үшін білімдер трансфері, инвестициялар және заманауи жаңа технологияларды қолдану қажет. Біздің бүкіл тарихымыз және климаттық жағдайымыз Қазақстан әлемдегі көшабасшы өндірісшілердің біріне айналуға бүкіл қауқары бар екендігін айғақтайды. Мұндай пікірталас алаңдарының міндеті – жаңа технологияларды табыстау саласында өзара тәжірибе алмасу, инфрақұрылымдық, ветеринарлық мәселелерді, санэпидемиологиялық тәуекелдердің кешенді шешімдерін талқылау. Осы кездесулер аясында біз саладағы өзекті мәселелерді бірлесе отырып ортаға салып, ынтымақтастық құру, әлеуетті сатып алушылармен келісімшартар жасасу үшін жаңа байланыстарды орнатуға бір-бірімізге көмектесе аламыз».

IMG_7074.JPG

Дөңгелек үстел сессияларында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, қазақстандық және халықаралық компания өкілдері, Нидерландтан келген ғалымдар сөз сөйледі. Спикерлер мал шаруашылығы саласындағы әлемдік трендтермен бөлісіп, Қазақстандағы аграрлық азық-түлік нарығының мәселелерін, отандық сүт-ет секторын дамытуға арналған инновациялық био- және агротехнологияларды қарастырып, саланың экспорттық әлеуетін ортаға салды. 

Пікірталас кезінде ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған факторлар, қалпына келетін энергия көздерін қолданатын заманауи «жасыл» технологиялар, қалдықтарды биогазға қайта өңдейтін қалдықсыз өндіріс әңгімеге арқау болды. 

Мал шаруашылығын жүргізудің озық әдістері қатарында қатысушылар жасанды жолмен ұрықтандыру және Қазақстанда жануар саулығына мониторинг жүргізу, мал басын электрондық есепке алу, егістікке жерсеріктен мониторинг жүргізу тәжірибесімен және басқа да технологиялармен бөлісті. 

Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында қатысушылар қазақстандық ритейлдегі ет шаруашылығы өнімдерінің сапасын көтерді.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар