Instagram бейне қоңырау функциясын іске қосады

5.jpg


Instagram дауыстық және бейне қоңыраулардың жаңа функциясын іске қосады. Қосымшаның Android нұсқасында дыбыстық және бейне қоңыраулардың файлдары мен белгішелері табылды. Бұл туралы 7kun.kz порталы TechCrunch сілтеме жасап хабарлады.

Instagram жаңа функцияны ішкі тестілеуден өткізіп жатқандығы жайлы (WhatsApp-қа тиесілі) WABetaInfo  блогында қаңтар айының соңында айтылған болатын.

Ол кездегі болжам бойынша бейне қоңырау белгісінің кескінінің пайда болуына негізделген.

Ал Instagram өкілдері бұл ақпарат жайлы түсініктеме беруден бас тартты.

Интернет-басылымның пікірінше, дауыстық және бейне қоңыраулардың қосылуы Instagram-ға  басты бәсекелесі Snapchat-тың үздік баламасы болуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Snapchat  бейне қоңырау функциясын 2014 жылы іске қосқан.

Қазіргі уақытта Instagram live Stories видеосы арқылы қолданушылардың бір-біріне қоңырау шалып, ортақ эфир жасауына мүмкіндік беріп отыр.

Instagram бағдарламалаушылары  Snapchat функцияларына алғаш рет бағынышты болып отырған жоқ. 2016 жылы сервис көрілгеннен кейін аз уақытта жойылып кететін, қысқа мезетті видеоклиптер жіберуге мүмкіндік берген болатын. Ал 2017 жылы инстаграм сол жүйені өзіне қосқан.

Бұдан бұрын Instagram әлеуметтік желісі Direct деп аталатын жеке мессенджерін тестілеуден өткізіп жатқандығын мәлімделген.



Ұқсас тақырыптар